Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Ханшатыр» - ерекше ғимарат (3 сынып, II тоқсан, 4 бөлім)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-тарау «Сәулет өнері» (11-сабақ)
Сабақ тақырыбы: «Ханшатыр» - ерекше ғимарат
Оқу мақсаттары:
Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді рөлге бөліп оқу;
Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу
3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтінді рөлдерге бөліп оқиды.
Оқушылардың көпшілігі:
Суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастырып, мазмұнын айтады.
Оқушылардың кейбірі:
Суреттер мен сөздерді қолданып, «Ханшатыр» - ерекше ғимарат» тақырыбында құрмалас сөйлемдер құрастырып айтады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Менің елім-Қазақстан!

«Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 5-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» дастаны 5-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.Б/С2. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру
Сабақ мақсаты: Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Құйыршық

Ерте-ерте ертеде. Ешкі құйрығы келтеде. Байбурыл деген шал бопты. Кедейліктен ақылы дал бопты. Бес ешкісі бар екен, бәрі де оның сары екен. Шал бес ешкісін бағыпты, кемпірі ешкі түбітін биялай жасап, жұртқа жағыпты. Азықтары ешкінің лағы екен, балалары жоқ екен, әйтеуір айран-шалапқа тоқ екен.

Бір күні құла......
Ертегілер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Қыс көңілді тамаша

Интеграцияланған ашық оқу қызметінің конспектісі.
3 - 4 жас «Күншуақ» тобы
Ашық сабақ.
Білім беру саласы: Таным, коммуникация, шығармашылық.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу. Экология негіздері. Сөйлеуді дамыту. Музыка.
Тақырыбы: Қыс көңілді тамаша!
Мақсаты: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру. Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болатыны туралы түсінік беру. Қыс мезгілінің ерекшелігі жайлы түсінік беру. Қыстап қалатын құстар туралы әңгімелесу.
Табиғатқа, құстарға деген қызығушылықтарын арттырып, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ағаштар, құстар, шелек, қар, қара, қызыл қалташалар, слайд.
(Сабақтың басталу барысында шелекке қар салып, топтың ішіне қояды. Сабақтың соңында балаларға еріген қарды көрсетіп, қарды жеуге болмайтындығын оның кір екендігін түсіндіреді.).....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Салт-дәстүр: Құрсақ той

Құрсақ той, Құрсақ шашу — ұлттық салт-дәстүр. "Құрсақ шашу" немесе "құрсақ тойы" - аяғы ауыр әйелге қатысты ертеден келе жатқан дәстүр. Түрлі салт-дәстүрлерді білетін ақ жаулықты аналарымыздың айтар өсиеті мол. Келін үйге түскеннен соң, ененің одан күтетін үміті зор. Сондықтан, аяғының ауырлағанын байқаған өнегелі ене құрсақ шашу деген кішігірім той думан ұйымдастырады. Оның мақсаты – қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне аса назар аудару. Бұл, біріншіден,ертеңгі күні дүниеге келер нәрестенің алғашқы тойы болса, екінші жағынан аяғы ауыр ананың да қамын ойлап, соған жағдай жасаудың амалы. Думанды дастарқан жайылып, үлкен әйелдер жағы жас келінге батасын береді, ал құрбылары, абысындары білгенін айтып, ақыл-кеңес беріп, келіннің көңілін аулайды. Бойына бала бітісімен-ақ кейбір ананың асқа тәбеті шаппай, жерік болады. Оны "итжерік" деп атайды. Тәбеті шабатын тамағын тауып беру де ененің мойнында. Өйткені ертеңгі күні жерігі қанбаса, баланың толыққанды болып жетілуі екіталай. Егер жерігі қанбай жүрсе, кейін баланың аузынан сілекейі аға беретін болады деген ырым да бар. Сондықтан тойға келген әйелдер келінге арнап әр түрлі тағам әкеліп, дәм тигізеді. Жерік кезде жеген аста да көп мән бар. Тіпті баланың болашақта кім болатындығын соған қарап болжауға болатындығы ғылыми түрде дәлелденіп те отыр. Мысалы, анасы көкөніске жерік болса, бала ширақ, елгезек, өмірге құштар болады екен. Кесек көмірге жерік болса, бала болбыр, өмірге икемсіз болмақ. Ал, тек біреудің үйінің тамағын жегісі келіп тұрса, бала келешекте үйде тұрмайтын, үнемі түздің тірлігін тындыратын болып өседі екен... Жерік ананың қалауын тауып тойдырған адам сауапқа қалады деген де ырым бар. Сондықтан тойға келгендер аяғы ауыр әйелдің көңілін табуға тырысады. Бұл не жерін білмей әр нәрсеге аңсары ауған болашақ анаға көп көмек. "Жерік асын жеген жетілер, жерік асын жемеген кетілер" деп те жатады халқымыз. Осылайша жерік астың әрбірі ана мен баланың қажеттілігін өтейді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0