Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Ұстаз еңбегі ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми тәжірибелік конференция

«Ұстаз болу – өз бақытын аямау, өзгенің
бақытын аялау»- деп, Ж. Ж. Руссо айтқандай, өзінің бар білгенін аямай, өзгенің бақытына қуана білген ұстаз, мектептегі балалардың екінші анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы бола білген ұстаз. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірттердің бойындағы талай жіберген ағаттықты кешіре білетін, бойындағы парасаттылығы мен ақылдылығы арқасында, әр оқушының жүрегінен жол таба білген мейірімді ұстазым Ташматова Гүлжамила апайымның ұстаздық өмір жолын өзінен кейінгі шәкірттеріне насихаттағым келеді. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Шығарма: Жетім көрсең жебей жүр

Иә, перзент-Алланың адам баласына сыйға тартқан періштесі. Қазақ - өз баласын жетіге дейін патшасындай сыйлаған, он беске дейін шаруаға салып жұмсаған, он бестен кейін ең жақын досындай сырласа білген. Жетімін жаутаңдатып көп қолына қаратпаған, жесірін қаңғыртпаған, тастамаған ел едік, қазіргі жайтпен салыстыра отырып, көне, сүрлеуі кеткен дара жолдан адаса бастағанымызға куәлік ету неткен қасірет десеңізші!......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Музыка | МУЗЫКА ӨНЕРІ

Халықтың музыкалық творчествосы. Қазақ халқының тұрмысы мен қоғамдық өмірі және еңбек әрекетімен біте қайнасқан рухани мәдениетінің етене саласы музыка болды. Дәстүрлі орындаушылық — жеке ән салу мен аспапты жеке тарту — кең тараған, әнді қосылып айту сирегірек; шығармалардың негізгі түрлері ән мен күй болған.
20-дан аса әр түрлі музыкалық аспаптар болған, олардың бір сарынды ғана дыбыс шығаратын кейбіреулері — шертер, жетіген, саз сырнай, кепшік, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ және басқалары — профессионалдық талаптарға сай келмей, біртіндеп құри берген. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Елордасы - Астана

Мақсаты: мектепалды даярлық топ балаларының тіл дамытудан білімдерін, дағдыларын бекіту.
Міндеті:
- Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беруді жалғастыру.
- Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу;
- Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.
- өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері, бейнетаспа.
Жаңа сөздер: Елорда, Бәйтерек, барыс, өкімет үйі.

1. Кіріспе бөлім.
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
- Елордамыз - Астана қаласы.

2. Негізгі бөлім.
а) Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның,
Мақтанышым - Астанам.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады). .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ғылым мен технология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім атауы: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен технология жетістіктері
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;
Сабақтың мақсаттары: Мәтінде көтерілген мәселені анықтау;
Сұрақ құрастыру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Ұстаз бен шәкірт

Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:
— Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың?-деп сұрады. Шәкiрт ойланбастан:
— Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.
— О-о! Әншi болу үлкен арман, әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдасаң, сенi үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,- дедi ұстазы.
— Ол қандай талап? Мен бәрiне де төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын емес.
— Асықпа, оны әлi-ақ сезiнесiң деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады.
Әншi болудан басқа ойы жоқ балауса Бұлбұл ұстаз сөзiнен ешнәрсе түсiне алмады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Бес ешкі

Ертеде бір кедей болыпты. Оның бес ешкі, бір қара тоқтысы және бір құла аты болыпты. Кедей ешкілері мен тоқтысын байдың қойына, атын байдың жылқысына қосады екен.

Бір күні азынап тұрған боранда бай бес ешкі мен қара тоқтыны, құла атты өз малынан бөліп, елсіз-күнсіз айдалаға айдап жібереді.

Ұли соққан боран, үскірік аяздан бүрсең қаққан бес ешкі бір тасқа келіп ықтайды да тасжарғанның бүршігін күрт-күрт шайнап тұра береді. Қара тоқты бишара оларға ере алмай, «Енді өлдім-ау» деп, маңырап тұрғанда, тап қасынан бір түп көкпек көрініпті. Көкпектің түбіне келіп, теуіп-теуіп кеңейтіп, бүрлерін бырт-бырт шайнап, жата беріпті.

Жал-құйрығына қар қатқан......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 8-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 8-сабақ
Оқу мақсаты: Т/Ж4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0