Сатиралық ертегі: Дуана Қожанасыр

Тіпті, бұрынғы заманда бір дуана Қожанасыр деген болыпты. Әйтеуір, бір адам, не ақылды емес, не ақымақ емес, не тентек емес, не момын емес. Оған таныс болған емесдүр қайғы да, машақат та, өш алу да, һәм күншілдік те. Ол өзі Құдай деген кісі еді, һәм әрқашан өзінде не бар болса, соныменен қанағат қылар еді, ілгергі уақытта қайтемін деп, қам жемейінше. Ол турада айтылған қазақ арасында көп сөздер бар. Бұларды санауға мүмкін емес. Біз бұлардың ішінен бағзы біреулерін алып, жазуға жаһат етеміз.
Бір күні Қожанасыр көк есегіне мініп алып, отын алғалы ағаш ішіне барды. Ағаш ішіне келіп, бір ағаштың бұтағына шығып алып, бұтақты түбінен кесе бастады. Дәл со уақытта бір жолаушы адам қасынан өте беріп, бұған айғайлап айтады:
– Ағаш құласа, астында калып өлесің ғой, – деп. Дуана айтады:
– Ей, әулие, тоқта, сен маған айт, мен қашан, қалайша өлсем керек? – дейді. Жолаушы тоқтамастан жүре беріп, бірақ оған айтты:
– Сен ақымақ екенсің, – деп. Сонда Қожанасыр жіберместен сұрайды: «Қашан өлетұғынымды айт», – деп. Жолаушы әбден мазасын ала берген соң ашуланып:.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Батпан шал

Ертеде кемпір-шал болған екен. Ол кемпір-шалдың үш сиыры, бір тарғыл өгізі болған. Шал күн сайын тарғыл өгізбен сиырды бағып жүреді. Бір күн бағып отырып, жер шұқыса, жер астынан жеті тышқанның баласы шығып, соны өлтіріп, тарғыл өгізге мініп, кемпірге келіп, мен енді көшеге қағаз жапсырамын, мен – Батпан батыр.
«Бір-біріне соққан батырмын» деп, көшеге қағаз жапсырады.
Күндерден күн өткенде бір патшаның ат басындай алтыны жоғалып, соны бәрілері таба алмаған соң, Батпанды алдыртады.
Батпан батыр келген соң айтады:
– Маған мынау арадан үй салып бер, ішінде әртүрлі тағамдар болсын, – депті.
Айтқанының бәрін хан жасады. Батпан батыр, бір-біріне соққан батыр барып, әйтеуір, «Мен таба алмаймын, мен[і] хан өлтіреді. Одан да мына тұрған тағамға тойып алайын», – деп, жеп-жеп, іші ауырады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Қожанасырдан сөз

Қожанасыр өте қиял әпенді кісі болған екен. Қожанасыр бір күні үйде жатса, патша шақырыпты.
– Менің тісім ауырып қалды, Қожанасыр келіп, тісіме ем қылсын, – депті. Жігіттер келіп:
– Қожеке, жүр, сізді патша шақырады, – депті. Қожа айтыпты:
– Бармаймын, патша өзі келсін және маған керосин май беріп жіберсін, – деп, жігіттерге айтыпты. Жігіттер барып, патшаға айтқан екен Қожа келмеймін дейді, маған май берсін деп, айтып жібереді, – деді. Патша айтты:
– Бір бөтелкеге сиіп, толтырып, Қожаға алып бара беріңдер. Оның май емес
екенін білген соң Қожа ашуланып, өзі келеді, онан соң тісімді қаратып алайын, – деді. Жігіттер бөтелкеге сиіп, Қожаға алып барып, беріпті. Алып барған жерінен танып, Қожа біліп, сыр бермей, қала беріпті. Екінші күн:
– Қожаны шақырып кел, келмеді ғой, келмесе, байлап алып келіңдер, – деп,
патша жігіт жұмсады. Қожа адамның кепкен бір тезегін бір шүберекке таңып алып, дайын болып отыр екен. Жігіттер келіп, Қожаны ертіп, патшаға барыпты. Патша қол қусырып:
– Қожеке, неге кеше келмедіңіз? Кешелі бері тісім ауырып, көрмеген қорлық көрдім. Маған бір дәрі-барыңыз болса, берсеңіз екен. Не дүние болса, мен сізге берер едім, – деді......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Үсен қу

Үсен осы әңгімесін бастап айтқанда былай дейді екен.
– Көктем уақ жұрт оразасын көкек айында ұстайтын болған. Сол жылда қыста Үсеннің жалғыз көк шолақ аты болады екен. Қыс қаталаң болып, Үсеннің көк аты қыршаңқыға ұрынып, көк шолақ ат болыпты. Бір ауылға мініп барса, қышынып, үйге сүйкеніп, маза бермейтін бопты. Елден қыдырып, ет жеуге, тіпті, ыңғайсыз болған соң көк шолақ атты мінбей, қоя беріп, үйінде жататын бопты. Бір күні қатыны Зарауқа даладан үйге жұлынып, бір нәрсеге тырысқандай түсі бұзылып кіреді.
– Біздің көк атты үлкен атамның ауылындағы кіші енем қолына бақан алып, қуалап ұрып жүр. Дәрісі, үйіне сүйкенді білем. Арам қатқыр, ішің сұйылғыр, – дейді. Зарауқа жылап жібереді.

– Зарауқа, сен оған намыстанбай-ақ қой. Оны мұнда ұстап алып келші. Бір жаққа мініп кетейін, – дейді.

Зарауқа көк шолақ атты ұстап әкеліп, ерттеп береді. Үсен домбырасын ішінен байланып, Асы деген жерде Албан деген елге бармақшы болып, жүріп кетеді.

Жылы жағалай қонып, үш күнде Асыдағы Албанға барады.

Күн батып кеткен кезде бір түйе жинап келе жатқан ақсақалды шалға жолыға кетеді. Ақсақалды шал Үсенге:

– О, батырым, кімсің? – дейді......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Намаз

Ертеде қазақ намазды, намаз оқуды білмейді екен. Тек намаз деген болады деп есітеді екен, соны үйренсек деп, аңыз қылысады екен.
Күндерде бір күн ауылға бір татар саудагер келеді. Ол ауылдың ақсақалы Айжарықтың үйіне қонады. Қонақ жатарда «Құтпа» намазын оқиды. Қонақ намазын оқып болған соң Айжарық:
– Құтты қонағым, мұның не ырым? – деп сұрайды.
Татар Айжарықтың намазды білмейтінін сезіп, мұны бір қызық етейін деп ойлайды. Сүйтеді де:
– Ақсақал, бұл – намаз, – дейді.
– Әп, бәрекелді, біздің іздегеніміз осы намаз еді. Құтты қонағым, осы намазыңнан құрттай бер, болмаса, қайдан алуға болады, жөнін айт, – деп, Айжарық шап ете түседі.
– Менің намазым шамалы еді, жолыма жетпей қалатын сияқты. Базарда намаздан көп нәрсе жоқ, сонан сатып алуыңызға болады, – деп, қонақ жайын айтады......
Ертегілер
Толық
0 0