Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері
Сабақ тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.2.1 екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырата алу.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
9.2.2.1 екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулерді ажырата алу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Әз-Жәнібек, Жиренше, Көсе

Әз-Жәнібек хан Сырдың оң жағында отырады екен, бір күні Сырдың сол жағындағы елге жарлық қылады:

− Байталдарым құлын тастап жатыр, айғырларының даусы маза бермейді, айғырларын қырсын! − дейді. Ел хан жарлығынан қорқып, сасады, жыйылыс қылып, ақылдасады. Жиналған жұрттың ішінен бір көсе шығып:

− Сендер саспаңдар, ханның жауабын мен берейін, маған бір түйе, бір кебеже, шашы қара, сақалы ақ бір шал, сақалы қара, шашы ақ бір шал және бір серке беріңдер! – деді.

Жұрт осы айтқандарын тауып береді. Содан кейін көсе ханға жөнеледі. Ханның ауылының шетіне келіп:

− Ханға жолыққан кісі қалай жолығады? – деп сұрайды. – Мініп келген көлігін кейін тастап, дауыс еститін жерден «сәлеумәлейкім, алдияр!» деп, қол қусырып барады, − дейді. Көсе ол айтқанды істемей, түйесіне мінген бойымен қасындағыларын алып, ханның үйінің тұсына барып, үшке дейін:....
Ертегілер
Толық
0 0

Афоризмдер


Егер әйел еркексіз өмір сүре аламын десе, қателескені. Бірақ әйелім менсіз өмір сүре алмайды деп ойлайтын азаматтың ойы тіптен қате.
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Киелі бас сүйек

Ертеде бір қойшы қойын жайып келе жатып қу медиен даладан қай мезгіл екені белгісіз қуарып қалған адам бас сүйегін тауып алады. Бұл бас сүйектің әдеттегі адамның басынан әрі үлкен, әрі өзгеше екенін байқап, қолындағы құрығымен ары-бері аунатып қарайды да онда ғажайып жазулардың бар екенін көреді.

Бастың сол шекесіне «Ауызбен татсаң ауыздан туыламын», маңдайына «Ұлы жоққа ұл боламын», оң шекесіне «Қырық екі адамның басын алып хан боламын» деп жазылыпты. Қойшыға ой түсіп, мұның үш түрлі әулиелігін көрейін дейді де қуарған басты өртеп, күлін беліндегі кісесіне орап салып алады. Ешкімге білдірмейді. Бір күні қойшы күл салынған кісесін алдына қойып «Аузымен татқанға аузымен туылғаның қане? Ұлы жоққа ұл болғаның қане? Тәжі киіп, таққа отырып, хан болғаның қане?» деп өзіне-өзі сөйлеп отырады. Мұны қасына келген он бес жасар қызы естіп:

—Әке, өзіңіз жалғыздан-жалғыз күбірлеп отырсыз ғой, кісеңіздегі бұл не зат?—деп сұрайды.

—Балам, бұл бір улы зат. Дәмін татып көруші болма!—дейді әкесі. Ертеңінде қыз: «мен әкемнің жалғызы болсам да сырын менен жасырады, мұның қандай құпиялығы бар екен, не болсам да кісесіндегі күлден ауыз тиіп көрейін»,—деген оймен түйіншектеулі күлді шешіп, сұқ саусағын батырып, дәмін татып көреді. Осы кезде қыздың өне бойы шымырлап, жүйе-жүйесі босап, қайта-қайта түшкіріп, рухында ләззат сезім пайда болып, тұңғыш рет махаббаттың жан рахатына кенеледі. Аз уақыттан кейін көкірек шөлі басылғандай жан дүниесі тоят табады. Көп өтпей қыздың денесі ауырлап, дел-сал күйге түседі де жүкті болғандығының бейнесі байқалады. Қыздың шешесі мұны сезіп, «бұл қалай болғаны?» деп бір оңашада бұл сырын еріне айтады. Қыздың әкесі ойланып отырып әйеліне :....
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Білгіш

Баяғыда үш ағайынды болыпты. Үлкен екеуі – бай, кішісі – кедей, жалғыз арық аты бар екен. Оны ағаларының жылқысына қосып қойса, ағалары өз малдарын аяйды, сол байғұстың жалғыз шолағын мінгіздіреді екен. Бұ байғұс ағаларының бұ қылығын біледі екен. Ағалары оны біліп, [үндемейтіндігінің] інішегіне ашуланады екен.
Бір күні ханның қазынасынан алтыны жоғалыпты. Сонда хан жасауылдарын шаптырып, елінен білгіш іздетіпті. Сонда әлгінің екі ағасы жасауылға:
– Біздің осында бір білгіш ініміз бар, бізге қосқан жылқысы, аты бар, соны мініп қойсақ, біле қояды. Соны алып бар, – депті. Жасауыл әлгі сорлыны «Білмеймін» десе де, болмай, су еңіретіп, ханға айдап барады.
Сонда хан:......
Ертегілер
Толық
0 0