Жүз дегеніміз орысша - лик, адамның бет жүзі

Жүз дегеніміз орысша - лик, адамның бет жүзі. Ұлы, орта, кіші емес. Старший, средний, младший емес! Ұлы деген сөз Великий болады. Дұрысы Ұлы жүз - Великий лик, Орда жүз ( ордалы ел) - Цитадель, Күші жүз - Сильный лик.
Әңгімелер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Құбыл жүзік

Бұрынғы өткен заманда бір кемпір-шал болыпты. Бұларда жар дегенде жалғыз ұлы болыпты. Он үш жасқа келгенше ұлын далаға шығармай үйде баққан екен. Бір күні шалы тұрып:

—Кемпір, басқалардың үш жастағы баласы да далада ойнап жүр. Біз де баламызды сыртқа шығарсақ,—дейді.

Кемпірі мақұл болып, астына бір ат міндіріп, қолына екі ділдә беріп, «өз көңіліңе ұнаған бір нәрсені сатып алып кел»—деп баласын жолға шығарады. Бала қалаға келеді. Ешнәрсе алмай келе жатады. Өзі хат танымайды. Базар көрмеген. Көшеде бір топ баланың бір мысықты қуалап жүргенін көріп:
—Бұларың не қылғандарың, балалар?—дейді. «Бұл қасапшының етін жеп қоймаған соң қуып жүрміз»,—дейді.

—Онда маған сатып беріңдер—дейді. Балалар: «Мақұл, ал!»—дейді. Бала екі ділдәсін беріп, мысықты үйіне әкеледі. Әке-шешесі қуанып:

—Әкелгенің жақсы болыпты. Арыстанның түшкірігінен жаралған жарықтық, үйге керегі бар,—депті. Және бір күні «Тағы сынап көрелік. Базарға тағы жіберелік» деп қолына төрт ділдә беріп, «Осыған көңіліңе жаққан бір нәрсе алып кел»,—деп баласын базарға жібереді. Бала базарды аралап, көңіліне еш нәрсе жақпай келе жатқанда бір топ бала ит қуалап алдынан шығады.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қорытынды және талқылау 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Қорытынды және талқылау 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.6.1 алынған қорытындыларды түрлі формада көрсету
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Алынған мәліметтерді «түрлі формада көрсету» ұғымын тұжырымдайды;
• Алынған деректерді графикалық түрде көрсетеді;
• Қорытындыны түрлі нұсқада ұсынады және талқылайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Түсін іздеген жігіт

Бұрынғы өткен заманда бір бай болыпты, төрт түлік малы сай болыпты. Байдың қойын бағатын қойшылары да көп екен. Сол көп қойшының ішінде ақылды бір қойшы болыпты. Күндіз кешке шейін қойын жайып шаршап келіп жатқан әлгі қойшы жігіт түнде түс көріпті. Түсінде бір омырауында күн, бір омырауында ай көріпті. Ертеңінде тұрған соң түнде көрген түсіне ғажайыптаныпты. Сол маңдағылар жори алмаған соң, түсін жорыту үшін сапарға аттаныпты. Күн жүріпті, ай жүріпті. Түстің жоруын ешкім таппапты. Жүріп отырып күндердің бірінде бір қалаға кез болыпты. Түн ішінде қонуға үй іздеп келе жатса, бір үйдің жанында бір жігіт киім-кешектерін бөктеріп жүруге әзірленіп жатыр екен. «Бұл не қылған жан екен түн ішінде бүлінген» деп қасына барса, қыз екен.

—Келдің бе?—деп сұрапты әлгі қыз.

—Келдім,—депті ойында еш нәрсе жоқ жігіт.

—Онда жүрелік,—депті қыз.

«Бұл мені қайда апарар екен, байқап көрейін» деп ойлапты да:

—Болады,—депті. Екеуі жүріп кетіпті.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Қасқыр мен жігіт

Бір байдың сансыз көп малы болған екен. Малының көбі жылқы екен. Бір жылы қыста қар қалың түсіп жұт болып, бай жылқысын алыс отарға шығарады. Қыс өтіп, жаз жақындаса да, жылқысы келмейді, жылқышылардан хабар-ошар болмайды. Бай жалғыз баласын жолдас-жорасымен жылқысын іздетіп жолға аттандырады.

Күндерден күн өтіп, арып-ашып, жылқыны таба алмай жүргенде, іздеушілер бір ескі қосқа келеді. Қостың ішінде шіріген ет, ыдыс-аяқ, тағы басқа заттар жатыр екен. Мұны көрген соң, іздеушілер өз жылқышыларының бұрын қонып аттанған жері екенін топшылайды. Сол жобамен маңайдағы шаттардан, сай-саладан іздеп жүріп, айғыр үйір шолақ жылқыға кездеседі. Сол кезде бір жақтан ағып келіп, бір көк шолақ қасқыр бір қара ту биені иығына салып ала жөнеледі. Мұны көріп іздеушілер тұра қуады. Бәрінен байдың баласы қасқырға бұрын жетіп, ұрмақшы болып төніп келе жатқанда, қасқыр артына қайрылып:....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Дүт тас

Бұрынғы өткен заманда Қасен деген бір кісі болыпты. Оның екі ұлы болыпты. Үлкен ұлының аты Мәркес, кіші ұлының аты Қарабас. Үлкен ұлына ер жеткен соң әйел әперіпті. Қарабас ер жеткен соң әкесінен сұрапты: «Әке, қашан маған әйел әпересің?»—деп. Сонда Қасен сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді: «Қарабас, балам, сенің әйелің жер түбінде, өзің іздеп табасың»,—дейді.

Біраз уақыт өткеннен кейін, Қарабас: «әйел алып бер» деп ағасы Мәркестің мазасын алады, сөзге келеді, тіпті жанжалдасады да. Тілегі орындалмаған соң, Қарабас жолға екі бөлек нан алып, ағасына өкпелеп, басы ауған жаққа қарай жүріп кетеді. Тау-тасты аралап келе жатса, құмды жермен өзіне қарсы келе жатқан алтын мысыққа кездеседі. Мысық адамша сөйлеп, Қарабастан жөн сұрайды: «Қайда барасың, не іздеп келесің?». Сонда Қарабас сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді: «Әкем маған сенің әйелің жер астында деп еді, соны іздеп келе жатқан бетім еді». «Ендеше мені қасыңа ертіп ал, мүмкін, жәрдемім тиер»,—дейді. Мысық екеуі жолдас болып жүре береді. Біраз жол жүргеннен кейін, екеуінің алдынан бір ит жолыға кетеді. Ит те сәлемдескеннен кейін, Қарабастың жөнін сұрайды: «Қайда барасың, не іздеп келесің?». Қарабас сонда сөйлейді, сөйлегенде бүй дейді: «Менің әкем айтып еді, сенің әйелің жер астында деп, соны іздеп келе жатырмын». Сонда ит тұрып: «Менімен дос боласың ба? Мен саған болысамын». Қарабас: «Дос болайық»,—дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек 2-сабақ (Жаратылыстану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсімдіктер
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек 2-сабақ
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.4 Өсімдіктерді қорғау
Сабақтың мақсаттары: 1.2.4.1 Өсімдіктерге зиян келтіруге болмайтындығын түсіну
1.2.4.2 Өсімдіктердің қорғалатынын түсіну.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Қаратай

Ерте заманда үш ағайынды жігіт болыпты: үлкенінің аты—Сарытай, ортаншысы—Торытай, ең кішісі—Қаратай.

Жігіттер аң аулаумен кәсіп етіпті. Әр күнде кішісі аңға шығып аң аулады, үлкен Сарытай үйде қалып аңшыларға ас даярлаушы еді.

Бір уақытта Сарытай үйде отырып ет пісіріп отырса, даладан бір зор дауыс естілді. Сарытай қорыққанынан жалма-жан орнынан тұра келіп, далаға шықты, далада ол не көрді? Сақалы қырық тұтам, бойы бармақтай, түсі суық адамды көріп қорыққанынан өле жаздады.

Құдайдың кем жасаған байғұсы Сарытайға қатты ақырды, һәм оған бұйырды: «Мені аттан түсіріп ал!»—деп. Сарытай есі шығып кетіп, қорыққанынан шалға жетіп келіп атынан түсіп, һәм үйге әкелді. Үйде ет ошақ үстінде тұр еді.

Ергежейлі шал Сарытайға: «ет бер»,—деп бұйырды. Байғұс Сарытай оның барша бұйырғанын орнына келтіре бастады. Қазаннан етті түсіріп алып, шақырмаған қонағының алдына қойды.....
Ертегілер
Толық
0 0