Реферат: Құқық | Жергілікті өкілді органдар

1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» деген 8-бөлімінде жергілікті өкілді органдардың сипатына, мақсатына және құрылу тәртібіне қатысты жалпы ережелер белгіленген. Аталған мәселелер Республика Призидентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы заң күші бар Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен және толықтырулармен қоса алғанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен, сондай-ақ Республика Призидентінің «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйекте конституциялық заң күші бар Жарлығымен неғырлым толық баянды етіліп, реттеледі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Сәбиге өмір сыйлаған құдірет

Ерте заманда бір патша өмір сүріпті. Патшаның қисапсыз байлығы болса да, үнемі қабағының астынан бір мұң бары байқалып тұрады екен. Сөйтсе, әлгі патшаның перзенті болмапты. Патша қапаланып, қайғырып жүргенінде, бір күні жұбайы жыланның тіліне жерік екенін айтыпты. Осы сөзді қаншама рет Құдайдан жалынып сұраса да, ести алмаған ол жүрегі жарыла қуанып, жар салыпты:
— Егер кімде-кім менің жарлығыма құлақ асып, жарымның жерік асы-жыланның тілін әкеліп берсе,соған жалғыз қарындасымды қосып, өзіме күйеу бала етемін. Бір ескеретін жәйт: ол Сахарадағы жыландар ордасының патшасы атақты Афита-Әбжыланның тілі болуы тиіс, – депті.
«Үмітсіз–сайтан» демекші, байлық пен аса сұлу патша қарындасын алуға қызыққандар Сахараға жол тартыпты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | МББЖ Access

Кіріспе
Мәліметтер базасында жобалау кезендері.
Мәліметтер базасында белгілі – бір пәндік облыс туралы ақпарат көрінеді. Пәндік облыс (ПО) деп нақты зертеу үшін қызығұшылық білдіретін реалды әлемнің бөлігі аталады. Автоматтандырылған ақпараттық жүелердепәндік облыстың көрінісі мәліметтердің бірнеше деңгейлерінің модельдерімен ұсынылады. Модельдердің деңгейлерінің саны МББЖ – нің ерекшеліктеріне тәуельді болады. Әрі қарай біздер МББЖ - ге деректер базаларын жобалауда сұрақтарын қарастырамыз, құрылымдық деректер модельдерін қолдаймыз. Модельдер логикалық және физикалыһ деңгейде бөлек түрінде қолданатына қарамастан, методологиялық көзқарастан мөдельдердің деңгейлерін және деректер базаларының жобалау кезендерін бәрі – бір белгілеуге болады.
Деректер базасының даталогиялық моделі (ДМ). Даталогиялық модель логикалық деңгейдің моделі болып табылады және ол деректер элементтерінің логикалық арасындағы байланысты бейнелеп, олардың сақтау сыртқы ортаға да мазмұнына тәуельді болмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Медицина | Хирургия бөлімінің» қосымшасын құру және деректер қорымен жұмыс істеу

КІРІСПЕ
Microsoft Access жүйесінің деректер қорын жобалауға да және оны пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктері бар. Access-ті қолданбалы программалар ішіндегі қолдануға арналған ең қолайлы құрал болып табылады.
Деректер қорының маңыздылығы ол мәліметтер қорын енгізіп, сол мәліметтерден керекті мәліметтерді тез және оңай алу үшін қолданады. Бұл жұмыста «ХИРУРГИЯ БӨЛІМІ» қосымшасы туралы деректер қоры құрылған.
«Хирургия бөлімі» қосымшасын құру негізінде деректер қорын басқару жүйесінің қолдану аясы кең, оның мәнінің жоғары болуын және қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмыстарын соңғы жылдарда шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға болатынын анықтау. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Access терезесімен жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы программа болып табылады. Access кестелері, формалар, сұраныстар, есептер, макростар және модульдер сияқты мәліметтер базасының объектілерімен жұмыс істейді.
«Хирургия бөлімі» курстық жұмыстың мақсаты: «Хирургия бөлімінің» қосымшасын құру және деректер қорымен жұмыс істеу кезінде Облыстық аурухананың хирургия бөлімінің жұмыс барысын жеңілдету. Осының негізінде деректер қорының басқа да салаларда қолданысын мүмкін екендігіне көз жеткізу.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Қанай мен Жанай

Бұрынғы заманда бір байдың екі ұлы, екі қызы болған екен. Үлкен баласының аты Жанай, кіші баласының аты Қанай екен. Үлкен қызының аты Апан, кіші қызының аты Ұпан екен. Сөз салып, құда түсем деушілерден қарындастарын қызғанған екі ағасы Апан мен Ұпанды елден жасырып, елсіз бір тауда сақтайды.

Күндерден күн өтті. Бір күні екі ағасы аңға кетті. Екі қыз бір көлге келіп, бастарын жуып отырып сырласты: «Осы екі ағамыз бізді өздері алайын деп жүр ме, кісіге бермейді»,– десті......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Түрленбайдың түрленуі

Жар дегенде жалғыз ұлы бар бір жарлы кемпір болыпты. Бір күні кемпір науқастанып қалып, ұлын су әкелуге жұмсайды. Бала хан ордасының жанындағы құдықтан су алуға келеді. Су тартып болып, хан сарайының сәулетіне қызыға қарап тұрғанда, үстіңгі қабаттағы әйнектелген сарайды, оның терезесінен сыртқа қарап тұрған бір қызды көреді. Қыздың сұлулығы сонша, күнмен жарысып, жүзінен нұр төгіледі. Бала бұл қызға ғашық болып қалады да, үйіне келіп:
— Сол қызды айттырып алып бер, – деп, шешесінің мазасын алады. Шешесі бұл істің жөні келмейтінін қанша айтса да, балаға қона қоймапты.
— Олай болса, – дейді шешесі баласының көңілін қимай.— Сен үйдегі отын-суды жабдықта. Мен ханның үйіне барып, жөнін айтып құдалық сөйлесейін........
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: География | Жер табиғи ресурс ретінде

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өндіргіш күштерінің қарқынды дамуы және халық санының өсу жағдайларында, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестік проблемасы ерекше зор маңызға ие болуда. Жаңа басталған XXI ғасырда бұл мәселе асқына түсіп, іргелі зерттеулер обьектісіне және күрделі жалпы мемлекеттік міндетке айналып отыр. Қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінде табиғи ресурстардың зерттелуіне, пайдалануына, ұдайы өндірілуіне, әр түрлі теріс құбылыстардан қорғалуына, олардың пайдалы қасиеттерін бүгінгі және болашақ ұрпақтарға сақтап қалуына зор көңіл бөлінуде. Табиғатты пайдалану және ресурстарды үнемдеу мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде орын алып отыр. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Жұқпалы аурулар

Сондай – ақ, БҰҰ – ның мәліметі бойынша әлемде қазір 40 миллион адамға СПИД кеселі жабысып өмір сүріп келе жатса, дүниежүзінде 2001 жылы ғана 5 миллион адамға жұққан. 2002 жылы бұл дерттен 3 миллион адам қаза болса, соның ішінде 15 жасқа жетпегендердің саны – 580 мың. Мұнымен қатар БҰҰ – ның деректері бойынша 2002 жылға дейін ата – анасы СПИД дертінен қаза болып, 14 миллион бала жетім қалған.
1981 жылы пайда болған СПИД айналасы алты жылдың ішінде, яғни 1987 жылы Қазақстанға жетіп үлгерген. Сол жылы Қазақстанда Теміртау қаласында СПИД – ке шалдыққан бірінші адам тіркелді. 2001 жылы 1 қарашадағы мәліметке сүйенсек, Қазақстанда 3139 адам СПИД дертіне ұшырапты. Алайда, бұл нақты мәлімет емес. Орталық Азия өңірінде бұл кеселге 50 мыңнан астам адам шалдықса, соның жартысы Қазақстанда. Ең соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда бұл дерттен өлген адамның саны дәл қазіргі күнге дейін 100 адамға жетті дейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Қарақұрт биологиясы

Өрмекшітәрізділердің қазіргі кезде ғылымға белгілі 60 мыңға жуық түрлері бар. Олардың дене тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге жетеді. Өрмекшілердің сыртқы пішіні де әр түрлі. Оларға: өрмекшілер, кенелер, құршаяндар, пішеншілер т.б. жатады.
Өрмекшітәрізділердің Uloborus және Hyptiotes туысынан басқа барлық өрмекшілерде улы бездері болады. Улы бездері арқылы өрмекшілер жауынан қорғанып, қоректенеді. Көптеген өрмекшілердің уы адам мен сүтқоректілерге әсер етпейді, бірақ насекомдарға әсері жоғары. Өрмекшілердің уы және одан қорғану шаралары туралы Аристотель, Ксенофонт, Сократ, Цельзус, Диокриттің жазбаларында мәліметтер келтірілген. Улы өрмекшілердің таралу аумағы қазіргі таңда Оңтүстік Америка мен Австралияны қамтиды.
Біздің елімізде кездесетін барлық өрмекшілердің ішінде қарақұрт пен бүйі ғана адам мен жануарлар үшін қауіпті. Қарақұрт Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында мекендейді, халық арасында оны «қара жесір» деп атап кеткен.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0