Пән: Қазақстан тарихы Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: 5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі Сабақтың тақырыбы: Металлды өндіру ежелгі адамдардың өмірін қалай өзгертті Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 5.4.2.2 металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіру 5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру Сабақ мақсаттары: Энеолит және қола дәуірінің ерекшеліктерін талдау; Метал өндірісінің адамдардың өміріне әкелген өзгерістерін талдап, маңызына баға беру.
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биофизика Сабақ тақырыбы: Жүрек автоматиясының механизмі. Жүректегі қозудың өту жылдамдығы. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштығы. Электрокардиография, оның диагностикалық маңызы. Сабақтың оқу мақсаты: • 10.4.4.2 электрокардиограмманы қолдана отырып жүрек автоматиясы механизмін түсіндіру Сабақтың мақсаты: жүрек автоматиясының механизмін, жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштық қасиетін, жүректегі қозудың өту жылдамдығын анықтай отырып, электрокардиография және оның диагностикалық маңызын саралауды үйренеді....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Статика және гидростатика Сабақ тақырыбы: Қатынас ыдыстар. Паскаль заңы. Торричелли тәжірибесі. Атмосфералық қысым 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - Паскаль заңын және оның қолданылуын сипаттау; - «Гидростатикалық қысым» терминін түсіндіру Сабақ мақсаты: - Паскаль заңының тұжырымдамасын біледі; - Паскаль заңының қолданылуына мысалдар келтіреді; - Торричелли тәжірибесін сипаттайды және осы эксперимент нәтижесінде жасалған қорытындыларды біледі; - атмосфералық қысымның өлшем бірліктерін біледі және мм.сын.бағ. Па-мен түрлендіреді; - гидростатиқалық қысым терминін біледі және есептей алады; - гидростатикалық қысыммен негізделетін құбылыстарды түсіндіреді.......
Аман байбатырұлы (т.-ө.ж.б.) — 1812 жылғы орыс-француз соғысының батыры, ақын. Ресей тарихында Отан соғысы аталатын бұл соғысқа қазақтың Нарынбай Жанжігітов (Георгиев кресінің толық иегері), Майлыбаев, Яков (Жақып) Беляков (шоқынған қазақ), Қарынбай Зындәуітов сынды есімдері .....
Ел тарихында, тіпті әлем тарихында өшпес із қалдырған, Кеңестік империяның тұтастығына тұңғыш соққы беріп бостандыққа жол салған «Желтоқсан» көтерілісін «тәуелсіздіктің кіндігі» деп бағалаған екен халық қаһарманы Қасым Қайсенов атамыз. Жүрегінде ұлт намысы ұялаған қазақ жастарының ерлігі – ұлтымыздың Ұлы мақтанышы. Ол жөнінде айтылып та, жазылып та жүр, дегенмен әлі де болса айқындалмаған, толық бағаланбай жүрген жәйіттер көп.
Алматыдағы «Желтоқсан оқиғасы» болған күні – ақ Мәсукеудің пәрменімен бүкіл Қазақстан бойынша жаппай жазалау, қаралау шаралары басталып кеткен болатын. Желтоқсаншылар мыңдап жазаға тартылып жүздеп сотталып жатты. Кейіннен басқа республикаларда кеңінен жалғасып күшейе келе кеңес үкіметін құлатып тәуелсіздікке жол ашқан «Желтоқсан» оқиғасына қатысушылар бүгінде ұлтымыздың мақтанышына айналды. Әсіресе желтоқсанда тікелей қазаға ұшыраған төрт қыршынның рухын халқымыз мәңгілік ардақтауы тиіс. Солардың бірі, қайтпас қайсарлықтың, ұлт мүддесіне беріктіктің үлгісіндей болған Сәбира Мұхаметжанованың есімін асқақтату баршамыздың борышымыз. Сәбираны халқымыздың қаһарман қызы ретінде дәріптеп жазып жүрген зиялыларымыз баршылық, солардың арасында Өскеменде болғаан желтоқсан оқиғаларына тиянақты талдау жасаған тарих ғылымдарының докторы Ғани Қарасаев: «Еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолында жынын пида еткен «Желтоқсан батыры», қазіргі күнгі отансүйгіштік пен патриоттық тәрбиенің нақты үлгісі болып отырған Сәбира туралы халқымызға, жас ұрпаққа кеңінен мағлұмат беру бүгінгі күн талабына айналып отыр» деп жазады.[1, 90б.] Сол сияқты жазушы А. Алпысбаевтың (Асқар Алтай), журналист Әлия Ибақованың т.б авторлардың, оқиға куәларының деректеріне сүйеніп биыл басталып отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай әңгімені жаңа бір қырынан қозғамақпыз. .....
Адам мен саясат бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Бір қарағанда шет ел инвестициясы тауқыметтердің шешуші тұтқасы болмауы мүмкін. Бірақ олар инвестиция арқылы жаңа технологиялар енгізеді, өндірісті басқару мен ұйымдастырудың озық әдістерімен жұмыс істейді. Қазақстан экспорты айналымының өсуіне ықпалын тигізеді. Осының бәрі ел экономикасының тұрақты болып, өндіріс өнімінің көбеюіне жол ашады. Инвестицияны өзара қорғау және қолдану туралы қол қойылған үкіметаралық келісімдер шет ел инвестицияларына қосымша кепілдіктер береді. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан 23 елмен келісім жасасты. Қазіргі уақытта тағы 21 елмен келісімді жоспарлауда. Қазақстанның Халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен, елдермен, бүкіләлемдік шаруашылық байланыстарға түсуі, республикаға сыртқы ресурстарда тартуға жол ашты. Сонымен бұл тақырыпты талдау барысында Президент Н.Ә.Назарбаев дұрыс бағыт беріп отырған Республиканың сыртқы саясаты өзінің қалыптасуы кезеңінен өтіп, Қазақстанның жаңа тарихи жағдайдағы мемлекеттік саясатының негізгі құрамдарының біріне айналуы, тәуелсіздік жылдарындағы сыртқы саясаттың нәтижесі Президент Н.Ә. Назарбаев ұсынған ұтымды сыртқы саяси стратегияны Казақстанның бұлжытпай жүргізіп отырғандығының жарқын дәлелі, бұл саясат Қазақстанның қауіпсіз ғұмыр кешуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар, оның дүниежүзілік экономикаға үйлесімді кіреуіне жағдай тудыратыны, оның жалпы инвестиция экономикалық байланыстарды кеңейтуге кең мүмкіндіктер беретіні жөнінде сөз қозғалады. Қазақстанда «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң 1997 жылы 28 ақпанда қабылданған болатын. Онда инвестицияның қызметі – инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген. Осы заңды дамытуға байланысты Қазақстан Революциясының Президенті 1997 жылы 5-ші сәуірде тікелей отандық пен шетелдік инвестицияларын тарту үшін Қ.Р. экономикасының басым секторларының тізімі жөнінде Жарлық шығарды. Инвестициялар деп өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауылшаруашылығының және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады. Инвестицияның. көзі болып жаңадан калыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинакталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзініңтабысының(таратылған)қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуғаарналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды. ....
Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлер туындау төркіні тереңде жатыр. Айтылған ой жайында В.фон Гумбольдттің: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі – материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдеиет – ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тән”, - деп көрсетеді. /1.32/. Ал, мәдениеттің көне, жанасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екенінен көрінеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э.Сепир: “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” /2.186/ деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған “Сепир – Уорф болжамы” халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты іспеттес болғаны – ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі. Тіл – тек мәдениетті танушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш анықталады. Тіл рухының ұлы күші халықтың ой-танымында, мінез-құлқында, әлеуметтік өмірінде сақталған. Өйткені адам баласының ой-санасы, сол арқылы істеген еңбегі, мінез-құлқына сай табиғатын қалыптастыруы, өз танымына сай өмір салтын қалыптастыруы тұтастай бір мәдениеттің дүниеге келуінің үлкен себепшісінің бірі. Осымен байланысты этностың психологиялық жайын тілге қатысты болжаулармен дәлелдеген В.фон Гумбольдт концепциясында: “Тілдің табиғаты мен тегі тіл мен ойлаудың халық рухымен байланыстылығында” деген құнды пікірмен бағаланды. ....
Ақпараттарды қорғау мәселесі 80-жылдардың соңы мен 90 жылардың басында ақпаратқа қатысты, осы аймақтағы мамандарды мазалай бастады. Оларды мазалағаны компьютерлік қауіпсіздік пен көптеген дербес компьютерлерді, қолданушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін болатын. Бұл компьютерлік технологиялардың терең дамуымен, байланысты болатын. Сол кезден бастап «ақпарат» ұғымына деген түсінік те өзгерді. Қазіргі кезде ақпарат ұғымы – бизнесте де, үлкен масатқа жету үшін қолданылатын құрал болып табылады. Және қорғау да, өте тиімді құралға айналды, бұл өндіріс үшін ақпараттарды қорғаудың, өте жақсы белгісі болып табылады. Бірақ та ақпараттық технологиялар көп қолданысқа ие, құралдардың бірі болып табылады. Сондықтан қазірігі кезде көп сатылы қорғанысты қолдану қажет болып отыр. Дегенмен де ақпарат иесінің ақпаратын сақтау үшін де, үлкен көлемде ақша төлеуіне тура келеді, өйткені бұл өзінің ақпаратын сақтауға, тиімді жол болып табылады. Тағы айта кететіні ақпараттық сфера саясатқа да әсер етуде, тек саясатқа ғана емес, эконмикаға және басқа да қауіпсіздікті қамтамассыз ету үшін, қажет болып отыр. Ақпаратты қорғаудың қажеттігі артуда, ол санкциясыз қол жеткізуді кіруді, ұрлық, ақпаратты жою іс әрекетерін тыю үшін қолданылуда. Бірақ көптеген қолданушылар мұны моиындамай, жеке құпияларын қауыпсіздіксіз сақтауға тәуекел етуде. Соның ішінде азғанатайы ғана, әйтеуір кейбір әдістермен, өз мәліметтерін сақтап қалуда. Сонымен, бұл жағдайларды жою мен ақпараттың қауіпсіздігін сақтау үшін, криптоинтерфейс пен криптожүйелерді қолдану өте тиімді болып отыр. Өйткені қазіргі кезде, криптожүйелік шифрлауды кең түрде қолдануды артыру қажет деп ойлаймын. Әр адам шифрлау туралы әр түрлі түсінікте болуы мүмкін. Дегенмен нағыз криптография дегеніміз – бұл нақты бір ақпаратты құпиялық түрде шифрлау мен қорғау тәсілдері десек те болады. Бірақ криптография (strong cryptography) ол өте үлкен жағдайдағы құпиялықты, қамтамассыз етуіге қажет. Ол дегеніміз – криптографиялық ақпараттарды, сенімді түрде қорғау үшін және көптеген ірі ұйымдармен мысалға алсақ мафия, трансұлттық корпарациялардан, және ірі мемлекеттерден ақпаратты олардың алуынан, сақтау мен қорғанысты қамтамасыз ету үшін қажет. Қазіргі кездегі криптография, бұрынғы кездері тек әскери мақсаттарға ғана көзделіп қолданылған, десек те болады. Бірақ қазір, ақпараттық қоғамның құрылуына байланысты, бұл орталық құралға, яғни ақпараттардың қауіпсіздігін сақтау үшін кең түрде қолданылуда. ....
Зейнетақы – азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың бір түрі және орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады; Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жыл сайын жүргізіледі ....