Эссе: Қайырымдылық-игі іс

Қазіргі таңда қайырымдылық шараларын ұйымдастыру-өзекті мәселелердің бірі.Қазіргі заманда тұрмысы төмен,күнкөрістері нашар отбасылар баршылық.Біздің осы қаламыздың өзінде қазіргі қымбатшылықтың,жұмыссыздықтың салдарынан да мұндай жағдайлар қоғамда орын алып отыр.Кейбір жанұяларда көп балалы немесе әкесіз,анасыз жетім балалар киім жоқтықтан,тұрмысы төмен ақша жетіспеушілігінен мектепке барып,білім ала алмай,жыртық киіммен жүрген балалар да бар.Бұл бір жағынан баланың болашағына зиянын тигізеді.Осының салдарынан кейбір жасөспірім балалар өзінің тұрмыс-тіршілігінен,киімнің жоқтығынан басқалардан өзін төмен санап,арланып өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады.

Ересек адамдар мұндай тұрмысқа шыдай алмай ішімдікке салынып,ұрлық,қылмыс жасауға дейін барады.Қаншама балалар,үлкен адамдар ауырса да емделе алмай ауруы асқынып,шарасыздықтан көз жұмады.......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар) (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920 жылдар)
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
Сабақ мақсаттары: Қазан төңкерісінің орнауына қатысты Қазақстандағы оқиғаларды біледі және өткен кезеңмен салыстыра отырып өзгерістер мәнін анықтайды.
Тарихи дерек көздердің объективтілік деңгейін бағалайды.
Қазақстандағы қоғамдық–саяси үдерістерді біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Қабылдаған дұрыс шешімдерім - менің өмірлік ұстанымым

Адамгершілікке жүгіне отырып, нені болса да оң істесем, ол жан-тәнімді қанаттандырады. Демек, рухани құндылықтарды бойға сіңіру мақсатында қабылдаған дұрыс шешімдерімді - өмірлік ұстанымым деп білемін. "Болмасаң да, ұқсап бақ" дегендей, талпынсам, шарқ ұрсам, осы мақсат-мұратыма жетемін деген үміт оты сәуле береді. Жеті саны қасиетті, киелі екені мәлім. Соған орай, менің де жеті ұстанымым діттеген мақсатыма жетелеп, жетілдіріп, жеткізеді деген зор үмітпен қаланды.

Тарқатып айтар болсам, әуелгі ұстанымым - денсаулық. Тәңірдің берген аманатына қиянат жасамау. Денсаулығың сай болса, көңілің де жай болары анық. Денсаулық та - ғұмыр сияқты, адамға бір-ақ рет бұйыратын табиғат тартуы. Ендеше денсаулықтың қадірін жастан білу - азаматтық борышым деп білемін!

Екінші ұстанымым - білім. Білім - жанған шырақ! Шырағымыз еш сөнбесін! Буыным қатпай білім алсам, одан асқан байлық жоқ. Себебі, "жас кезде алынған білім - тасқа ойылған нақышпен тең!"

Үшінші ұстанымым - ар - ұят (абырой). Әрине, ұятты білу әркімге де тек пайда келтіреді. Ұяттың толық болғаны жақсы, себебі, ұят үнемі жақсылыққа бастап жүреді. Сол үшін де, ешқашан, еш жерде, еш нәрседен ұят болмауын қадағалаған жөн.

Төртінші ұстанымым - өзіме, өзгеге, өмірге деген сыйластық. Бұл - ең қымбат мирас. Өмірде өкініп қалмау үшін, көңілің пәк болу үшін сыйласып өткенге не жетсін!.....
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.1 жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу;
3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.
Сабақтың мақсаты: Жануарлардың топтарын біледі, тіршілік ету жағдайына бейімделуін түсінеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Сары ауру

Сары ауру
Санитариялық ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондай-ақ вирусты гепатит ауру адамдар дайындап, таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады. Сары ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы үш аптада аурудың ещқандай белгілері білінбейді. Мұны жасырын инкубациялық кезең деп атайды. Зақымданған адамның асқа тәбеті нашарлайды, ішінің оң жағы және төс етегі тұсы ауырады, ішектің бұзылғандығы байқалады. Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралу өте маңызды, дәрігер зерттеу .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Aлмaты қaлaсы iшкi сaудa объeктiлepiнe сaтуғa түскeн жылқы eтiн сaлыстыpмaлы түpдe вeтepинapиялық - сaнитapиялық бaғaлaу

1 КIPIСПE
1.1 Жұмыстың өзeктi мәсeлeлepi жәнe пpaктикaлық мaңыздылығы Қaзip жылқы шapуaшылығы – aуыл шapуaшылығындa бaсты сaлaлapдың бipi. Eгeмeндi eлiмiздe шapуaшылықтap тapaп жeкeшeлeндipу кeлгeлi aуылдың нeгiзгi күшi жылқыдa болып тұp [1].
Жылқы тaулы, шөл жәнe шөлeйт aудaндapдa нeгiзгi күш peтiндe пaйдaлaнып қaнa қоймaй eлiмiзгe жоғapы сaпaлы eт пeн сүт бepiп, aт споpтындaғы дa оpны бөлeк.
Peспубликaмыздa жылқы шapуaшылығын өpкeндeтудiң нeгiзгi мiндeтi оның сaнын көбeйту жәнe тұқымын aсылдaндыpу. Бұл үлкeн мiндeттi жылқы шapуaшылығындa iстeп жүpгeн тәжipибeсi мол мaмaндap жәнe көптeгeн жылқышылap жоғapы сaпaлы жaңa тұқымдap өсipу, оны дұpыс күтiп мәдeни түpдe бaғу әдiсiн қолдaну нeгiзiндe ғaнa оpындaуғa болaды. Жылқы өсipудe жәнe оның сaпaсын apттыpудa aйғыpғa aйpықшa көңiл бөлiп, олapғa сәйкeс aнaлықты дa тaңдaп aлғaн жөн. Aсыл тұқымды жылқы өсipiлeтiн зaуыттapдың нeгiзгi мaқсaты – aсыл тұқымды aйғыpлapды, биeлepдi толығынaн пaйдaлaнып, олapдaн aлынғaн тұқымдық жылқылapды кeлeшeктe хaлық шapуaшылығынa пaйдaлaнуғa бepу ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Мен – Қазақстанның патриотымын

Өз Отанының патриоты болу –
бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату.
Отаншылдық сезім– адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс . Ол – ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін, баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, бала бақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерлік және үй экономикасы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына 2004 жылдың 19 наурызындағы Жолдауында еліміздің стратегиялық дамуындағы экономиканың рөлін анықтай келіп, былай деген: “Экономика біздің дамуымыздың басты басымдылығы, ол экономикалық өсімнің барынша жоғарғы қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді...” Осыған байланысты елімізде экономиканы дамытудың негізгі бағыттары былайша тұжырымдалған:
• экономиканы одан әрі ырықтандыру және жүйелі реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестікті дамыту мен бюрократиясыздандыру;
• Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
• индустриалдық – инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
• ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
• инфрақұрылымды дамыту.
Ал ендігі кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған мәселелерді шешу мақсатында бес бағыт қарастырып,атап айтсақ:
• шағын кәсіпкерлік саласындағы мақсаттық құқықтық актілерді жетілдіру;
• шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасап отырған әкімшілік тосқауылдарды жеңу үшін, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты бақылау және қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын өкілетті ұйымдардың өкілеттіліктерін, жүргізілетін тексерудің тәртібі мен лауазымды тұлғалардың өкілеттіліктерін белгілейтін үлгілерін дайыдау;
• шағын кәсіпкерлік нысандарын кадрлық, ғылыми әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету;
Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуын айқындайтын басты шарттардың бірі қаржы – несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау саясатының тетіктерін жетілдіру.
Инновациялық кәсіпкерлік – бұл ғылыми – техникалық идеяларды, ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдауға және таратуға болатын деңгейде жеткізу қызметі. Инновациялық кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдану, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.
Кәсіпкерлік және үй экономикасы тарауын оқыту мен ғылыми тұрғыда жеткіліксіз негізделмеуі арасында қарама – қайшылықтар анықталды. аталған қара қайшылықтар негізінде ғылыми жұмыстың тақырыбын «Кәсіпкерлік және үй экономикасы» етіп таңдадық.
Зерттеу жұмысының мақсаты. «Кәсіпкерлік және үй экономикасы» тарауын оқыту
Зерттеу жұмысының нысаны. Оқу процесіндегі кәсіпкерлік қызметі. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: У дыбысы және әрпі

Мақсаты: У әрпін таныстыру, у әрпі бар сөзді оқуға, жазуға үйрету. Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу. Балалардың ауызекі сөйлеу тілдерін, ойын дамыту. Дыбыстық талдау жасауға, үйрету.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жазу, оқыту, ойын.
Көрнекіліктер: текшелер, суреттер, кеспе әріптер, құстардың суреттері (көгершін, бұлбұл, сауысқан)

І. Ұйымдастыру.
Күндей жылы бол!
Алмадай тәтті бол!
Доптай көңілді бол!
Айнадай жарық бол!
Жүзік сияқты әдемі бол! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуімен байланысты барлық экономика салаларында басты ұйымдастырушы күш кәсіпкерлер табы өмірге келе бастады. Елдің тағдыры осы күштің іске қосылып, табысты еңбек етуіне байланысты. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық, қаржы, ақпарат салаларында басты ұйымдастырушы күш. Кәсіпкерлік іс экономиканың қай саласында болмасын пайда табу үшін қызмет етеді.
Кәсіпкерлік екі мағынада қолданылады:
1. белгілі бір істің түрі;
2. сол іспен шұғылданатын нақтылы қоғамдық тап.
Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі.
«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікке қолданылады. Антогонистік қоғамда? Ол адамды адамның қанауы, ал кәсіпкерлер табы қанаушы тап болады.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал-жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр I патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды.
Қазақстанда қоғамдық меншікке негізлелген экономиканың жеке меншік экономикасына ауысуы ұзақ мерзімд, ақыл-ой, парасатты жұмысқа негізделген экономикалық күрделі шараларды қолдануды талап етеді.
Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші білім керек, екінші өкімет экономикалық саясатын қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек.
Менің курстық жұмысым 3 тараудан тұрады. I тарау кәсіпкерліктің мәні және маңызы, II тарау «Ұлттық Компания «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері және кәсіпкерлік қызметі және III тарауда Кәсіпкерлікті дамыту және оның тиімділігін арттыру туралы жаздым.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік істің дамуы, кәсіпкерлік істі мемлекеттік қолдау және оны жақсарту, «Ұлттық Компания «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштеріне және қызметіне талдау ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0