Ұлттық ойын: Ақ байпақ

Жануарлар дүниесін көз алдыңа елестетіп ойнайтын ойындардың бірі — «Ақ байпақ» ойыны.

Ойынға қатынасушылардың санына шек кел тірілмейді. Ойнаушылардың саны неғұрлым көп болса, ойын солғұрлым қызықты болады. Ойыншылар көгалды жазық жерді таңдап алады да, дөңгелене жүрелеп отырады. Сонан соң орталарынан бір ойыншыны ортаға шығарып оны бота деп, көрсетпей жауып қояды. Осы кезде боздап ботасын іздеп інген келеді де, отырған ойыншылардың біреуінің иығына отырады.

Ойыншы: — Ақ иығымның үстіндегі кім?
«Інген»: — «Ақ байпақ».
Ойыншы:— Нең жоқ?
«Інген»: — «Ботам» жоқ.
Ойыншы: — «Ботаң» көлде бетін жуып жатыр. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Таяқ ойнау

«Таяқ ойнау» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды жастар қыста ойнайды. Ойын алаңды жерде өтеді. Ойынға ұзындығы 1,5—2 метр үшкір таяқ қажет. Ойынға қатынасушылар қардан қалыңдығы 0,5 метр қабырға қалайды.

Ойынға қатынасушылар орталарынан біреуін басқарушы етіп белгілейді. Ол бақылаушы, төреші рөлін де қоса атқарады.

Ойын басталғанда әр ойыншы, қолындағы таяқты белгіленген жерден қардан қаланған қабырғаға қарай бар пәрменімен лақтырады. Таяқ қабырғаға бойлай кіреді. Егер таяқ қатты ұрылатын болса, таяқтың ұшы қабырғаның екінші жағынан шығады. Кімнің ұрған таяғы қабырғаның екінші жағынан көбірек шығып тұрса, сол жеңген болып табылады.

Жеңілгендер алдын ала белгіленгендей ұпайларын орындайды — өлең, тақпақ, жаңылтпаш айтады. Ойын қол күшін дамытып, денені шынықтырады. Таза ауада дем алып, денсаулықты шыңдай түсуге мүмкіншілік береді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Орда

Орда — ұлттық ойын.

Ойын тек айлы түні ойналады. Ойын кең алаңда, шөбі шүйгін көгалды, шилі жерде өткізіледі. Ойынға ірі малдардың жілік сүйегі керек. Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы тағайындап алады. Оның бір тобында сүйек болады. Екі топқа ортақ көмбе белгіленеді. Оны «Орда» деп атайды.

Сүйегі бар топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады. Қалғандары сүйекті іздеп кетеді. Сүйекті тауып алған ойыншы «Сүйек менде» деп ордаға қарай жүгіреді. Қарсы топтың ойыншылары оны қуып сүйекті алуға тырысады. Ал сүйек қолында бар топтың ойыншылары оны сатылап алып қашып бермеуге тырысады. Егер қарсы топ сүйегі бар ойыншыны қуып жетіп сүйекті алса, ол ойыншы да сол топқа өтеді. Ойын екі топтың қайсысының ойыншылары таусылып болғанша жүре береді.

Бұл ойын жеткіншектерді бағдарлай білуге, айла-амалға, жүгіре білуге үйретеді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Жүзік тастау

Жузік тастау — қыздар мен бозбалалар ойыны. Үйде де, далада да, көбігнесе, кешке қарай ойнала береді. Қатысушылар саны шектелмейді. Біргіші турі. Ойынға қатысушылар дөңгелене отырып, жаюлы алақандары- тізелерінің үстіне қояды. Апақанында сақинасы бар бастаушы ортаға шығып, әркімге: қол беріп амандасқан бола журіп, сақинаны білдірмей біреудің алақанына салып кетіп:. Қолына сақина киген кici өзін-өзі сабырлы ұстап, ешкімге білдірмеуге тырысады. Сосын бастаушы ортадағы өз орнына барып «Жузігімді бер!» деп дауыстайды. Сол сәтте: жузігі бар кici: «Менде!» —ден үн қатып, екi жағы нда отырған көршілеріне ұстатпастан, шапшаң атып тұрып, ортаға жетіп баруға тиісті. Егер көршілері оны ұстай алмай қалса:. бастаушы айыпқа тартады, ал ұсталып қалса, ол айып жазасын өтейді. Барлық рәсімдер орындалып болған соң ойын одан арықарай жалғастырылады. Енді ойынды бастаушы немесе айып төлемеген ойыншы жургiзедi. Екінші түрі. Жүзікті біреудің қолына салған бастаушы күн iлгepi таңдап қойы лған «тапқышты» ортаға шақырып, сақинаның кімде екенін табуын сұрайды. «Тапқыш» ойыншыларды аралай жүріп, олардын бет-әлпетіне, қимыл-әрекетіне карап, кез келген сезікті адамның алақаның ашқызуға хақілі. Егер ол жүзік иесін дәл тапса, сол кісі айып төлейді, ал шатасып қалса, «тапқыштың» өзі айып тартады......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Хан ату

Хан ату- Қазақтың ұлттық ойындарының бірі.

Ойынға көп асықтары бар 2 немесе 4 ұл бала қатыса алады. Үстел алдында отырып, бүкіл асықтарын шығарады (мысалы, 3 адам 10 асықтан). “Хан” түрінде белгі бір асықты тандайды және бір немесе бірнеше асықтарды ортаға қояды, сосың оларды қолға алып, кезекпен едеңге лақтырады. Егер осы уақытта “хан” алшы қалпында болса, онда осы қалпында тұрған асықпен оны соғу керек. Дәл осылай “хан”, бүк немесе ішік қалпында болса. Соққан асықты қалтасына салып, қатысушы ойынды жалғастырады. Егер ойнаушы”ханға” көздегенде басқа асыққа тигізсе немесе мүлдем тигізбесе, онда ол ойыннан шығады. Асықтарды келесі жинайды және лақтырады. Ойын асықтары біткенше дейін жалғаса береді.

Бір ережені ескертуі жөн: асықты лақтырғанда, “хан” асықтардын астында қалуы мүмкін және асықтардан тазаланбайды. Сонда лақтырған: “хан талапай” деп бақырады. Ойнаушылардың бәрі, асықтарға жауылып көбірек алуға таласады......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Тай жарыс

Тай жарыс — көне заманнан бері келе жатқан, балалардың жазда сүйіп ойнайтын ойындарының бірі. Үлкендердің ақыл-кеңесімен жарысты балалардың өздері әзірлеп, өздері өткізген. Тай жарысқа тек бір жасқа келген жылқы ғана қатынастырылған. Тайға мініп шабатын балалардың жасы 7—8 жас мөлшерінде болады. Халықтың дәстүрі бойынша әр баланың өзіне арналған бәсіре жылқысы болған. Ол жаңа туған құлын күннен бастап баланың қамқорлығына көшеді.

Жазда қатар қонып отырған ауыл балалары жиылып тайларын үйретіп, үйретілген тайларын жарыстыруға келіседі. Тай жарысы жақын қашықтықта өткізіледі. Тайға ер-тоқым салынбайды, бала жайдақ мініп шабады. Ойынды ересек балалар басқарады. Оны ат айдаушы деп атайды. Белгіленген жерге жеткенде, ат айдаушы жарысқа қатынасушыларды қатар тұрғызады да, жарыстың басталғандығы туралы белгі береді. Озып келген тай иесі жеңімпаз атанады.

Бұл тек ойын ғана емес, баланы жастайынан қоғамдық өмірге, еңбекке тартып, шаруашылық жағдайымен ерте танысуға, жылқы малын танып, білуге баулиды. Жарысқа қатынасу арқылы жастайынан шабысңа жаттыға береді. Сөйтіп, тай болашаң үлкен жарыстың сынағынан өтеді. Бала өзінің жеңіске деген ерік-қайратын шыңдай береді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Қуалап соқ

Қуалап соқ — ұлттық ойын.

Ойынға оннан отызға дейін адам қатынасады. Ойынды спорт залында, аулада, үлкен бөлмеде өткізуге болады. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Бұл топтың екеуі де тіке тартылған сызықтың бойында тұрады. Мұнан соң бұл сызықтан 20—30 метрдей жерде тағы да сондай сызық тартылып, оның екі жағынан екі жалау шаншылады.

Ұйымдастырушы әр топтан бір-бірден ойыншы шақырып алып, оның біреуіне белбеу береді.

Ойынды бастаушының белгісі бойынша, әлгі екі ойыншы жалаулармен белгіленген сызыққа қарай жүгіреді. Белбеуі бар ойыншы екінші ойыншыны қуып жетсе, сол сызыққа жеткенше белбеумен соға береді. Сызыққа жеткен соң бірінші ойыншы белбеуді сызықтың, үстіне тастай беріп, өзі кері жүгіреді, ал екінші ойыншы белбеуді ала салып кейін қашқан ойыншыны қуып жетіп, белбеумен ұруға тырысады. Егер ол мұны орындай алса, жеңген болып есептеледі. Ал егер де белбеуді оған тигізе алмаса — жеңілгені.

Мұнан соң келесі екі ойнаушы шықырылады да, ойын жалғаса береді. Жеңілгендер алдын ала белгіленген тәртіп бойынша өлең, тақпақ, не мақал-мәтел, жаңылтпаш айтады.

Белбеумен соғу дегенді қашушының арқасына тигізу деген ұғым деп түсінген жөн. Ойын елдің бәріне қызықты болу үшін ойын тәртібін сақтау дұрыс .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Сақа

Сақа - асықтың бір түрі. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. Ойыншы сақаны өзі жасап алады немесе жақсысын таңдауы керек. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Қалтырауық қамыр кемпір және Ақ боран

Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшілігі осы ойынмен басталады. Наурыз мейрамында бұл ойындар екі жақтың тартысы арқылы ойналып, қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.

Наурыз кезінде жақын екі ауылдың келісуі бойынша, мерекеге жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың аты — «Ақ боран» да, екінші топтың аты — «Қалтырауық қамыр кемпір». Әр топ ойын басталмас бұрын өздерінің ішінен өнердің барлың саласына қатынасатын (ақын, палуан, мерген, найзагер, құсбегі, шабандоз тағы сол сияқты) ойыншыларын дайындап, сайлап алады да, жиналған қауым екі ауылдың ең үлкен ақсақалдарының батасын алады.

Ойын ең алдымен екі жақтың ақындар айтысымен басталады. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың тартыс-бәсекесінен біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады. Мереке өнердің барлық саласынан-ақ осындай қызу тартыспен өтеді.

Ақындар айтысы бітісімен, палуандардың күресі басталады.

Палуандар күресі біткеннен кейін «жаяу жарыс» басталады. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенің арасын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтыққа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйткені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ғана мөлшермен өлшене бастады. Шамамен бірден үш шақырымға дейінгі қашықтық алынған жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.

Бұдан кейін халқымыздың ат үстінде ойнайтын ойындары басталып жалғаса беретін болған.

Ат үстіндегі ойындардың бір түрі «Жамбы ату». «Жамбы ату» ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан.

Мұның өзіндік ерекшелігі мынада: қазақтар жамбыны атқанда бүгінгідей анандай жердегі тақтадағы нысананы көздемеген. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны шүберекке орап, не ашық түрде жіпке байлап іліп қояды.

Мергендер жамбыны атқанда, оны байлаулы тұрған жібінен көздеп жерге түсіреді. Жамбыны атқанда әркім өз атының үстінде жүріп, не шауып келе жатып садақпен атады. «Жамбы атудың» қызықтылығы сондай, оны тамашалауға жиналған жұрт басқа ойындарды ұмытып бар назарларын соған салатындықтан, оны барлық ойындар өткеннен кейін, ең соңынан қызықтайтын болған. «Жамбы ату» ойыны тігілген жүлдені мергендер атып алғанға дейін жалғаса береді. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұрт жамбыны үш ретке дейін тігеді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Бойға доп дарытпа

«Бойға доп дарытпа» — ойын кең алаңда, мектеп ауласында ойналады. Ойынға жиналғандар алдымен оның мазмұнымен танысып алады. Ойынға кішірек доп пайдаланады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтағылар шеңбер құрып тұрғаннан кейін, екінші топтағылар оның сыртынан 8—10 метр қашықтықта орай қоршап тұрысады. Доп сыртқы топқа беріледі. Допты алған екінші топ мүшелері, ортадағы бірінші топ мүшелерін доппен ұрады. Ал ортадағылардың міндеті — бойларына допты дарытпау. Доп тиген ойыншыны сыртқы топ өз қатарларына қосып ала береді. Шеңбер ішіндегілерге доп түгел тиіп болғаннан кейін, енді олар шеңбер сыртында тұрған командамен орын ауыстырып, оны ортаға алады. Сөйтіп, бұл топтағы ойыншылар да алдыңғы топ орындаған барлық талаптарды орындайды. Ойын қайталанып жалғаса береді. Бұл ойын — ойынға қатынасушыларды дәлділікке, айла-амал қолдануға, сезімталдыққа баулиды.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0