Ұлттық ойын: Үш орындық

Үш орындық ойыны клубтарда, коридорларда, кең бөлмеде, спорт залдарында өтеді. Ол үшін ортаға үш орындық қойылады. Ойынға қатынасушылардың санына байланысты орындықтың көбейе түсуі мүмкін. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша ойыншылар ортада тұрған орындықтарды айнала жүгіреді. Ойын қыза бастағанда басқарушы отырыңдар деген белгі береді. Сол кезде ойыншылар орындықтарға отырыса қалады. Ал орындыққа отырып үлгере алмағандар, ойыннан шығады. Енді орындықтың бірі алынып қойылады да, ойыншылар қалған орындықты айнала жүгіреді. Ойын бір орындық пен екі ойыншы қалғанға дейін, олардың бірі жеңіп шыққанға дейін жүргізіле береді. Сонан соң ойын қайта басталады да, артынан жеңімпаздар арасында өзара тартыс басталады. Жеңіп шыққан ойыншы ең жылдам ойыншы деп аталады. Әр топтың жеңімпаздарына мақтау сөздер айтылып, сыйлықтар беріледі.

Ойынға қатынасушылардың жылдамдығы, жеңіске деген ұмтылысы артып, ерік, қайраттары шыңдала түседі......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Қап киіп жарысу

Қап киіп жарысу — ойын көгалды жазық далада, клуб немесе дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50 метрдей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады.

Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4—5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.

Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді.

Мұндағы мақсат — сызықтың екінші басына алдымен жету.

Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Oлар барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады. Бұл ойын әр түрлі тәртіппен өткізілуі де мүмкін. Бұл ұсынып отырылған ең оңай түрі......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Тоспа доп

Тоспа доп — ұлттық ойын.

Ойынды бір топ жас өспірім жиылып, не ашық кең далада, не мектеп ауласында ойнайды. Ойынға бір метрдей таяқ, бір кішкене доп керек.

Ойын бастаушы таяқты таңдаған бір жігітқан жақын жерден лақтырып береді, ол жерге түсірме: Оны қағып алып, таяқтың бір басын жоғары көтеріп ұстап тұрады. Қалған ойнаушылар ұстап тұрған қолдың үстінен таяқты тұтамдап ұстай береді. Бұл жеребе деп аталады. Кімнің қолы таяқтың ең ұшыны дәл келсе, сол доп ұрушы, ал оған таяу қолдың не доп беруші болады. Қалған ойнаушылар доп ұрылатын өріске барып бытырап тұрады. Бұларды «талаптылар» деп атайды.

Доп ұрушы мен доп беруші аралары 2—2,5 метрдей қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Доп беруші 1, 2, 3 деп санайды да, допты тез лақтырып ұрушыға береді. Доп ұрушы оны аспандата, сонымен қатар ұзата қатты ұрады. Осы ретпен үшке дейін допты дәлдеп ұра алмаса, онда ұрушы мен беруші орын ауыстырады. Егер екінші ойыншы да дәл ұра алмаса, онда бұл екеуі «талаптылар» тобына кетіп олардың орындарына жаңадан екі бала келеді.

Осы тәртіппен зымырап ұшқан допты ұстауға «талаптылар» түгел әзір тұрады. Әр кім өз тұсына келген допқа таласа жүгіреді де, бұрын ұстаған допты алып, доп берушіге лақтырады. Доп беруші оны жерге түсірмей қағып алады да ұрушыға тағы лақтарып береді. Бұл жерде доп беруші қағып ала алмай қалса, онда әлгі «талапкер» оның орнына шығады да, бұрынғы доп беруші «талаптылар» тобына барып қосылады. Ойын осылай созыла береді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Алтыатар

Алтыатар ойыны – көнге әр адам асық тігеді. Сол қатарға тағы бір сақа тігіледі (үйіргенде баланың шік түскен сақасы). Асықтардың арасында саңылау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1м. Сызық, ал 4-5-6 м. жерден ататын қарақшы белгілейді. Кімде-кім түптегі сақаны атып ұшырса (1м асыра) бүкіл асықтарды сол алады. Ал сақаға тимей асықты ұшырса, оның сызықтан шыққаны ғана соныкі болады. Ату саны – 6рет. Алғаш сақасы шыққан бала бірінші болады да, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған асықтардың бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі (сақасы тігілген бала). .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Жігіт қуалау

Жігіт қуалау — ұлттық ойын.

Ойын көгалды жазық алаңда, спорт залдарында ойналады. Ойынға оннан 30-га дейін ойыншы қатынасады. Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді де сызылған сызықтың үстінде қатарласып тұрады. Сол сызықтан 15—20 метрдей қашықтықтан екінші сызық сызылады да, екі жағынан екі жалауша қадалады.

Ойын жүргізуші әр топтан бір-бір ойыншыдан ортаға шақырып, оның біреуіне белбеу, не шиыршықталған орамал береді. Содан кейін екеуі бірінші сызықтың бойында қатар тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгісі бойынша олар екінші сызыққа тұра жүгіреді. Қолында белбеуі бар ойыншы екінші сызыққа жеткенше, ананың арқасына белбеуді тигізіп үлгеруі керек. Көмбеге жеткен бірінші ойыншы, қолындағы белбеуді екінші сызықтың үстіне тастайды да, кері қашады, екінші ойыншы белбеуді ала салып оны қуады. Егер бірінші сызыққа дейін оны қуып жетіп, арқасынан белбеумен ұра алса, жеңген болып табылады да, тигізе алмаса, жеңілген болып есептеледі. Ойынға келесі екі ойыншы шақырылады. Ойын жалғаса береді......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Күзем алу

Халықтың қой бағуға байланысты еңбегін бейнелейтін мерекеге ұласатын ойын-сауық ойындарының бірі — «Күзем алу» болып өткізіледі де, үлкен тойға ұласады. «Күзем алып» жатқан ауылдың сыртынан байқастаған адам, ығы-жығы адамдарды көрер еді, біреуі ән салып, бірі күй шертіп, енді біреулерінің айтысып жатқанын естисің, жүнді шаңырақтан шығара көтере сабаған жастар, киізді шиге орап қарпығанда, жон асырып бір ауыл мен екінші ауылдың арасында домалатып теуіп жүргенде де, әзіл мен айтыс өлеңдерді, киізді басуға арналған ән-жырларды айтады. «Қой басты, қой басты»,— деп үлкен үйлердің алдына әкеліп — ырымын алады. Қазіргі «Өрмек биі» осындай халық ойындарынан алынған......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Жылдырт жылдырт

«Жылдырт-жылдырт» — бұл ойынды орындыққа алқа-қотан отырып ойнайды. Қатынасушылар 10—15, кейде одан да көп болады. Ойын бастаушы шеңбердің ортасына отырып алып, қалтасынан не жүзік, не күміс аңшаны алады да, оның ерекше белгісімен ойыншыларды таныстырады, не сол жерде белгі салады. Содан соң отырған ойыншыларға ойын тәртібін түсіндіреді: бәрің де екі алақандарыңды бір-біріне қабыстыра ортасын қуыс етіп алға созыңдар. Егер алақандарыңа мына «жылдыртпа» түсе қалса, оны тез және өзіңнен басқаға сездірмей қабылдап ал да, үнемі оң жағыңдағы көршіңе жылдыртып жібер. Сонда қабысулы қолыңды өзіңнен оңға қарай емес, әуелі сол жақ көршінің қолымен тиістіріп ал, содан оң жақ көршіңнің қолына тиістір. «Жылдыртпаны» тап сол бірінші жолда өткізбей, оны бір-екі рет жаңылдырып барып өткізуге болады. Бәрің де қол тиістірген уақытта «Жылдырт-жылдырт»—деп дауыстап айтып отырасыңдар.

Ортадағы ойыншы «тапқыр» деп аталады. «Тапқыр» үнемі бақылап, болжап отырып, «Жылдыртпаны» ұстап алу керек. «Жылдыртпаны» алақанының қуысына салып алып, бастаушы «Жылдырт-жылдырт» деп, бір ойыншыдан бастайды да, өзгеге байқатпай өзі қалаған біреуге қалдырып кетеді......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Атшылар жарысы

«Атшылар жарысы» — ұлттық ойын.

Ойын алаңда, спорт залында өткізіле береді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді де, әрбір топ ішінара және екі топқа бөлінеді. (Сонда барлығы төрт бөліктен тұрады.) Қай топтың «аттар», ал қай топтың «Салт аттылар» болатынын жеребе арқылы шешеді.

Алаңнан немесе залдан ара қашықтығы 20 метр қатар екі сызық сызылады. «Салт аттылар» «аттарына» мініп сол сызықтың бойымен қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген белгісі бойынша «Салт аттылар» екінші сызыққа жетіп орын ауыстырады да, қайта жүгіріп бірінші сызықтан өтеді. «Салт атты» бұл кезде үнемі өз «атының» арқасынан қағып қойып отырады, ал «ат» үнемі алға ұмтылады. Ойын қызып, жалғаса түседі. Қай жақ жылдам екінші сызыққа жетіп, қайтып бірінші сызыққа бұрын жетіп келсе, солар жеңіске жеткен болып есептеледі. Ойын жастарды жинақылыққа, ұйымшылдық, коллективтік әрекет жасай білуге үйретеді, жолдастық қарым-қатынасты қалыптастырады, дене күшін сомдап, төзімділікке үйретеді......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Сен тұр сен шық

«Сен тұр, сен шық!» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды 4—5 адам бірігіп ойнайды. Қалғандары көрушілер қатарында болады да, кезектері келгенде ойынды әрі қарай жалғастырады. Ойынға қатынасушылардың бәрі де саусақтарын столдың үстіне салып, өздері столды қоршап отырады. Ойынды алғаш бастайтын ойыншы тек сол жақ қолын ғана салады. Оң жақ сұқ саусағымен столдағы саусақтарды санап шығады:— 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15... Бұдан соң өзі қалаған бір саусақтан бастап ойынның санау сөздерін айта береді. 1. Бірім-бірім, 2. Екім-екім, 3. Үшім-үшім, 4. Төртім-төртім, 5. Бесім-бесім, 6. Алтым-алтым, 7. Ауыр балтам, 8. Қалың қалтам. 9. Алтай-сәлтай. 10. Балақай-алақай. 11. Олпық. 12. Солпық, 13. Сен бұқ (бұл саусақ ішіне қарай бүгіледі). 14. Сен тұр (бұл саусақ басын тік көтереді). 15. Сен шық (бұл саусақ алақанға қарай бүгіліп, саптан шығады).

Ендігі кезек тік тұрған саусақтан басталып, тағы да әрі қарай жоғарғы санау сөздері қайталанады да, 15-ші сөзге жетіп, «Сен шық» дегенде он бесінші саусақ тағы да саптан шығады. Ойынның барысында әркім өз саусағын тезірек түгел есептеп шығарып алуға тырысады. Саусақтары ең соңында қалған адам ұпай тартады.

Осы 15 сан айтылып отырғанда «Сен шық» деген сөздің кімнің саусағына дәл келетінін алдын ала есептеп болжап алуға болады. 3 кейде 2 саусақ ойынның ең артында қалады. Онда сол бұрынғы кезек тәртібімен әлгі санау сөздері қайталана береді.

«Бүк» дегенде бүгіліп қалган саусақтар, яғни 15-ші сөз келгенде «Қасқырдан бұғып қалған төрт түліктің бірі» деп есептеледі де, сол ойыншының құлағына былай деп айғайлайды......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Ұлттық ойын: Үй артында қол ағаш

«Үй артында қол ағаш» — ұлттық ойын.

Бұл ойынды 10—15 жас өспірім, кейде одан да көп бала, топтасып ойнайды.

Ойын тәртібі: Қатынасушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене тұрады. Ойын бастаушы не белбеу, не орамал алады да, дөңгелене тұрған топтың сыртын айнала жүгіріп былай дейді:

Үй артында қол ағаш,
Желбау тартам, есік аш.

Бұл сөзді бірнеше рет қайталай береді. Дөңгелене тұрған ойыншылар:

Үй артында қол ағаш,
Жел кірмесін, есік бас,

— деген сөзді қайталай береді. Тұрған ойыншылар ұстасқан қолдарын ажыратпайды. Ол — есік ашпағанның белгісі. Енді:

Үй артында қол ағаш,
Желбау тартам, есік аш, .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0