Мақал - мәтел: Шайтан, жын, сайтан, пері, ібіліс, албасты

Асыққан шайтанның ісі.

Шатынаған көзге шайтан ғана шалынар.

Үмітсіз шайтан.

Шайтанға сабақ үйреткен.

Шайтанға санын соқызған.

Оның тәніне шайтан кірген.

Шапалақ жесе, шайтан да ауырады.

Шайтан азғырса, арық аттамай-ақ аяғың сынады.

Бейтаныс кісіден таныс шайтан артық.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Қырсық, қыңыр, қайсар, кесір, бәлекет, кесапат, қиқар, қыржық, безер

Қырсыққанның иті қырын жүгіреді.

Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

Қырыққа жетті –
Қырсыққа жетті.

Қыңыр іс қырық жылдан кейін де білінеді.

Қыңыр қызға күбір сөз ілескіш.

Қисық ағаш үй болмас,
Қыңыр жігіт би болмас.

Жайсаң жігіт болғаның,
Жолдасың арқасы.
Қайсар жігіт болғаның
Қолбасыңның арқасы.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Тон

Ананың салған жолы бар,
Ананың тіккен тоны бар.

Ескі тонның жылуы жоқ,
Қайтқан күннің қызуы жоқ.

Кеңеспен кескен тон келте болмас.

Орамал тонға жарамаса да,
Жолға жарайды.

Тоны жаманды ит қабар,
Көңілі жаманды құдай табар.

Жаман тонның биті ащы,
Жаман кісінің тілі ащы.

Тойға барсаң тойып бар,
Торқа тоның киіп бар.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Ас, тамақ, азық, ас-су, ауқат, дәм, тағам, шайнама, ішіп-жем

Жаманға ас берсең,
Үйіңнен шықпайды.
Өліге ас берсең,
Түсіңнен шықпайды.

Сарқытта сыпа да, шыпа да бар.

Халық айныса, хан түзейді,
Май айныса, тұз түзейді.

Асың бар ма арпадай,
Асып жеуге келгенде,
Сары аяқ семіз марқадай.

Көже деген тоқ ас,
Түре келсең жоқ ас.

Еңкейген екі асайды,
Еңсесі түскен бір асайды.
Мақал-мәтелдер
Толық
1 0

Мақал - мәтел: Көр, қабір, ақырет

Көр топырағы көзіңе түспесін,
Сөз салмағы өзіңе түспесін.

Өлсең көрің көң болсын,
Тіріде терің кең болсын.

Біреуге деп көр қазба,
Өзің түсерсің.

Шақырусыз тойға барғанша,
Қазусыз көрге бар.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Асығу, аптығу, сасу, асықпау

Шапшаңдықтан қашпа, аптығуға баспа.

Қойшы көп болса, қой арам өлер.

Түйе көп болса, жүк симас.

Құдай жүгіртпегенді бұзау жүгіртеді.

Қатын көп болса, шөмішті ит жалайды.

Асыққанның аяғы етегіне оралады.

Шабан үйрек бұрын ұшар.

Бүгін бітер істі ертеңге қалдырма.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Азамат, жігіт, ер

Өзімде болмаса, ағайында болсын,
Ағайында болмаса, алғанымда болсын.

Қарына тартпағанның қары сынсын.

Алыста жүрсе кісінескен,
Жақында жүрсе тебіскен.

Жақынды жат етсең,
Жатқа күлкі боларсың.

Қарыстан сүйем жақын.

У ішсең - руыңмен.

Пышақ қанша өткір болса да,
Өз сабын жона алмайды.

Жаттан жеген майлы астан,
Жақынның жұдырығы артық.

Адасқан қаздай, руы аздай.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Денсаулық, дерт, қасірет

Көкті бу көтереді,
Жерді су көтереді,
Жүйрікті ау көтереді.
Жүкті нар көтереді,
Өлімді бар көтереді.

Бұлбұлдан шешен құс жоқ,
Бармақтай-ақ қарасы.
Оқтан жылдам ажал жоқ,
Тырнақтай-ақ жарасы.

Дүниенің қадірін,
Бергенде білерсің.
Жанның қадірін,
Өлерде білерсің.

Көп екен көргеннен көрмегенің
Бәрінен жақсы екен өлмегенің.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Тән, бой, дене, сүйек, тұлға

Тәні саудың - жаны сау.

Тәртіп - тән үшін, ынтымақ - жан үшін керек.

Жан тәнге қонақ.

Қылыш тәнді жаралайды,
Өсек жанды жаралайды.

Оның тәніне шайтан кірген.

Адам тәнінің сұлулығы саулығында.

Жанды сауықтырмай, тәнді сауықтырмайды

Бойымдай бой табылса да,
Ойымдай ой табылмас.

Құдай маған түйедей бой бергенше, түймедей ой бер.

Ат алсаң бойы менен басын ал,
Қатын алсаң көзі менен қасын ал.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0