Мақал - мәтел: Тас

Тау мен тасты су бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Керек тастың ауырлығы жоқ.

Дүниеде тас қатты,
Тастан бас қатты.

Жас арқалағаннан
Тас арқалаған жеңіл.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Көңіл, көңілшек

Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.

Жақсының өңі қартайса да,
Көңілі қартаймайды.

Көңілсіздің көлігі шаппас.

Жақсы жұмыстан
Жан рахат алады.
Жаман жұмыстан,
Көңіл қалады.

Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Мал, жануар

Мал саусаң — сүт,
Жер саусаң — құт.

Мал семіз —
Төл егіз.
Жер семіз —
Дән егіз.

Елге мал көптік қылмайды,
Жерге тал көптік қылмайды.
Тарыға май көптік қылмайды,
Күрішке су көптік қылмайды.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Әкім, бастық, басшы, хан

Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.

Әкімменен араз болсаң күнің жаман,
Молдаменен араз болсаң дінің жаман.

Әкім адал болмаса жұрт бұзылар,
Сауда адал болмаса нарық бұзалар.

Құтырған әкім
Құдыққа түкіреді.

Әркім өз қаласына әкім.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Абырой, бедел, мәртебе

Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.

Абырой – ар еңбегі.

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.

Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.

Жақсы досың болса жан аяған жарамас,
Оңбағаны бар болса, абыройға қарамас.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Үнемшілдік, үнемсіздік

Соға берсең, еселеп табағыңа,
Уға айналар құдайдың тамағы да.
Қомағай құрсақтың қуысы толмайды.

Тас құмыра тамшыдан толады.

Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.

Есепсіз дүние жоқ.

Алтын тапсаң, санап ал.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

Қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпе.

Дария басы – бұлақ.

Шашу – оңай, жинау - қиын.

Қолдағының құны жоқ.

Үзіп жеген үнемге жатпайды.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Балапан, үйрек, қаз

Құс тамағы үшін қолға түседі,
Балапаны үшін торға түседі.

Балапанды торғайлар
Өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар
Дерт қонбасын тілейді.

Үйректің балапанын жүзуге үйретпе.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Адам, кісі, халық, жұрт

Адам деген ардақты ат.

Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.

Еңбек – адамның көркі,
Адам заманның көркі.

Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Адамның күні адаммен.

Адам бір-біріне қонақ.

Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы – заман қайғысы.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0