Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Шын сорлы)

Күн суық, қатты аяз, шыдар емес,
Қар борап соққан желмен қылып егес.
Кедейлер үсіп-тоңып, дір қалтырар,
Жылы үйде байлар жатар, уайым жемес.
Түн болып, қара тонын киіп еді,
Қатты жел барлық күшін жиып еді
Ақтарып астын үст қып, гулеп соғып,
Дөндегі қарды ойға үйіп еді.
Д үрілдеп сұп-суық.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Осы күнгі күй)

Ойламай отқа түскен неткен жанбыз,
Сөз ұқпас мылқау, меңіреу, жүрген жалғыз.
Көрінбес көзге түртсе қараңғыда,
Япырм-ай, қалдық па енді тіпті таңсыз?!
Тақаулы тамағында өткір пышақ,
Тек жатыр тұяқ серіппей сонда да аңсыз.
Тыңдамас, сөзге түспес, ырыққа көнбес,
Болды ма қайран қазақ тастай жансыз?
Жер кетті, жаның кетті......
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Қызыл жалау)

-Жалынды жалау кімдікі?
-Тұрағы тарғыл тас қия,
Арбаңдаған Азия -
Жалындай жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
-Қызыл шоқ жалау кімдікі?
-Кім де кім: «Тәңірім - от,- десе,-
Басқа Тәңірім жоқ»,- десе,
Қызыл шоқ жалау....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Мешіт һәм абақты)

Б а л a :
Әкетай, мынау не үй ұзын мойын,
Тым ірі, ұлық ұстап тұрған бойын?
Басына шыққан адам білер еді-ау
Сырын айтпас қаракөк көктің ойын.
Тып-тыныш бұл үйге, әке, кім барады?
Тыныштықта қасиетті кім қалады?
Биікте көк күңіреніп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Құр қалыппын)

Сұлу қыз анадайдан сылаңдайды,
Теңімен ойнап-күліп, бұраңдайды.
Адамзат бәрі ғашық, бәрі құмар,
Аһ ұрып, оны көрмей тұра алмайды.
Ептілер ебін тауып, жақындапты,
Болуға ең сүйгені жақын қапты.
He қылсын өзінің....
Өлеңдер
Толық
0 0