Алматы қаласының тұрғыны тұрмысқа шығудан бас тартқан өскемендік қыздың көлігін өртеп сотталды. Бұл туралы yk-news.kz-ке сілтеме жасап Skifnews.kz жазады.
Қырғызстанда жігіт бойжеткенді кафеге тамақтануға шақырып, 10 мың сом (45 мың теңге) тамақ ақысын төлеместен қашып кеткен. Бұл туралы Бішкек ҚІІБ-ның баспасөз хатшысы хабарлады деп жазады Stan.kz.
Алматы облысының тұрғыны үнді сериалының кесірінен жұмысынан айырылды. 22 жастағы мейірбикенің телехикаяға есі кеткені сонша, науқастарға қараудың орнына соны көру үшін компьютерге телміріп отырған.
Астана тұрғыны полицияға Әліби Жұмағұлов оның ноутбугын қайтармай жүргені туралы шағымданды деді елорда ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова ҚазАқпаратқа берген мәліметінде.
Алматы тұрғыны Дидар Марданов әлеуметтік желілердің бірінен ҰБТ сұрақтарының дұрыс жауаптарын сататын парақшаны жолықтырған. Олар түлектерге жоғары бал жинауға көмектесетін көрінеді деп хабарлайды nur.kz.