Алматылық тұрмысқа шығудан бас тартқан сүйіктісінің көлігін өртеп жіберді

Алматылық тұрмысқа шығудан бас тартқан сүйіктісінің көлігін өртеп жіберді

Алматы қаласының тұрғыны тұрмысқа шығудан бас тартқан өскемендік қыздың көлігін өртеп сотталды. Бұл туралы yk-news.kz-ке сілтеме жасап Skifnews.kz жазады.

18 жастағы алматылық Өскеменге осы уақытқа дейін сөзі жараспай қалған сүйіктісімен татуласуға келген. Алайда, өзге жанды ұнататынын айтқан бойжеткеннің жауабын естіген соң, кек алмақшы болады. Кешқұрым қыз тұратын тұрғын үйдің тұрағына келіп, Skoda Yeti көлігіне от қойып жіберген.

Осы сәтте тұрақта тұрған Лада маркалы көлік қоса жанып кеткен. Шығын көлемі бес миллион теңгеден асып кетіпті. Кекшіл күйеу кәмелетке толмай жатып ұрлық бабымен істі болған екен.

Өскемендік сот оны жеті жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге үкім етті.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
туралы, сотталды, өртеп, сілтеме, жасап, Алматы, жазады, көлігін, Skifnews, қаласының, қыздың, тұрмысқа, тұрғыны, шығудан, өскемендік, тартқан, миллион, теңгеден, Кекшіл, кәмелетке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]