Қостанайға іссапармен келген алматылық гаражда үсіп қалды

Қостанайға іссапармен келген алматылық гаражда үсіп қалды

Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері қараусыз гаражда үсіп қалған алматылықты құтқарды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері кезекшілік уақытында шұғыл топ құрамында құтқару операциясын жүргізуге қатысты. Кешкі сағат бесте жеке абоненттен түскен қоңырауға олар Қостанайдың шетіне, КСК ауданына жол жүрді. Жылыту комбинатынан жүз метр жердегі алқапта қар басқан қараусыз қалған көлікжайлар орналасқан.

“Тоқтаусыз (бірнеше сағаттық) іздеулерден соң олармен бұрынғы көлікжайдың орнындағы бақылау шұңқырынан ер адам табылып шығарылды. Ол 1956 ж.т. азамат Алматы қаласының тұрғыны болғаны анықталды. Қостанайда ол іссапармен, әрі бірінші рет, және де жаңылысып қаланың басқа ауданына келген”, – делінген хабарламада.

Жылыту комбинаты жағына жүріп ол қараусыз қалған көлікжайлардың арасында адасып қалған. Құрамы екі адамнан тұратын Департаменттің шұғыл тобы омбы қардан өтіп зардан шеккенді автобус аялдамасының маңында тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Ер адам қалалық ауруханаға қол буындарының және аяқ табандарының 1,2 дәрежелі үсік шалуымен түсті. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қалған, қараусыз, облысы, Қостанай, қызметкерлері, жаңалықтары, Қазақстан, шұғыл, сілтеме, ауданына, Жылыту, жасап, хабарлайды, қызметіне, құтқарды, алматылықты, гаражда, ведомствоның, баспасөз, адасып

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]