Шығарма: Кім кінәлі, өзіміз бе? Жоқ әлде өзгелер ме?

Ассалаумағалейкум елім десе елеңдеген қазақтың ер жүрек ұлдары мен батыр қыздары.Алаш десе астындағы атын түсіп беретін,дос болғанаға құдайындай сенетін сіздердей ұл- қыздарды қазақ халқы мақтан тұтады.Мен сіздерді алда келе жатқан қазақтың төл мейрамы Наурыз мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Барлығыңызға қазақтың төл жаңа жылы Наурыз мейрамында жаңа бақыт,зор денсаулық,ұзақ ғұмыр тілеймін. Менің бұл мейрамды бір ай бұрын құттықтап тұрған себебін қазақтың төл мейрамдары басқа ұлттардың той-томалақтарының көлеңкесінде қалып бара жатқанын көріп алаңдаушылық сезімнен туып отыр.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақтың Тұңғыш Президенті

X ғасырдың қырықыншы жылдары Алатау баурайындағы Үшқоңыр жайлауында қарапайым қазақ отбасы шаңырағында бір ұл дүниеге келді. Ағайын-туғанды жинап, қуаныш иесі үлкен той жасады. Сол тойда ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Әжесінің сол еңбегін ақтап, ол ұл өзі туып-өскен, білім алған, еңбек жолын бастаған еліндегі барша ұлтты бауырына басып, президент болды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным!

Төскейінде Абылай ат байлаған,
Атам жұрты аманат бүгін маған.
Желтоқсанда жендеттер желіккенде,
Жанын беріп қорғаған Қайрат ағам.
Кең көсілген айбыны асқақтаған ата мекенім, сенің бір уыс топырағың біз үшін алтыннан да бағалы. Себебі , өткен ғасырларда тойымсыз озбырлардың тұтқиылдан шабуылынан қаншама жазықсыз жандар қыршынынан қиылды. Батырларымыз бен біртуар даналарымыз ел іргесінің сөгілуіне жол бермес үшін ел бастап дұшпанға қарсы тұрды, жан түршігерлік қиыншылыққа шыдас беріп, тәуекелдерге барды.
1986 жылғы арпалыста өрімдей жас құрбандардың қанындағы өр рух, атамекеннің киелі ауасы арқылы бізге дарыған. Азаттықтың ақ таңында еркін самғаған біз жас буындар қасиетті ата жұртымыздың болашақ тірегіміз......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: XXI ғасыр эпидемиясы

Қазіргі заманда салмақ тастау, әр түрлі тренд талаптарына сай келу ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Жасөспірімдер сән журналдарынан, ғаламтор желілерінен арықтаудың жаңа жолдарын іздестіреді. Кейде «Корея қыздарының фигурасы» не «Виктория Сикрит» модельдерінің «идеалды»нормаларына сай келу үшін жасайтын әрекеттері тым шектен шығып кетеді.
2013 жылдың статистикасына сенетін болсақ, мың адамнан....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Патриот болу-әрбір қазақтың парызы

Ұлтарақтай емес,ұшан теңіз, ұлан-ғайыр асты-үсті қазба байлыққа толы жері бар, көз алартқанға қаймықпай қарсы тұрып, Алашын қорғайтын намысты, жүректі ері бар, күн санап көркейіп жатқан дәулетті де сәулетті елі бар, тілім-тілім болса да, табанға түсіп тапталмаған тілі бар,талай азап көрсе де, теңселмеген діңгегі берік діні бар, арқа сүйеп мақтанатын текті халқы бар, сананы сілкіндірер салты бар ақ көніл Қазақболып келгенім үшін, ниеті таза, пәк Қазақтың баласы болғаным үшін өзімді бақытты санаймын.Көргендер қызыға да, қызғана да қарайтын кең байтақ өрісті өлкемді әулие бабаларым білікпен, білекпен бізге мирас етіп қалдырды-ау!Неткен ғанибет! Ұлт екенімізді көрсететін тілімізді, дінімізді, салтымызды бізге үкілеп, аялап, мәпелеп жеткізді–ау! Шіркін, алғысымыз шексіз оларға! Кең далаға біз бас иеміз енді! ......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Салт-дәстүрімізді қорғайық!

Шығармамның бетін Шәкәрім атамның мына бір толғантарлық, ойлантарлық өлеңімен ашсам деймін:
Еуропа білімді жұрт осы күнде,
Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде.
Терең ойлап сөзімнің түбін біл де,
Іштен жыла шырағым, сырттан күлде. -дейді. Қазіргі танда алтын күн астында қыраны самғаған, азаттықты жалау етіп, сол жалауымызды желбіретіп, күндікті тастап, бірлікті сақтап келе жатқан халықпыз. Жас халықпыз, тамырымызға су құйылып тереңге жайылып барады, алып әлемдегі алып елдермен тең дәрежедеміз. Қуантарлығы, қуаныштан жылатарлығы да осы! Шүкір! Сансыз шүкіршіліктер болсын Жаратушыға! Бірақ...Осындай керемет теңеулерді, керемет шыңдықтың сөзін бөгеп тұрған осы сөздің себебі маған тақырып болса керек. Елдермен тенесеміз деп жүріп, басқа елдің салтың жұқтырып жатқанымызды сезбейміз-ау сірә, бұған қатысты шаралар қолданылып жатпаған соң. Өзге елдің салтың деймін-ау, олардың көздерін бітеп, саналарын улаған ауру......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен – Қазақстанның патриотымын

Өз Отанының патриоты болу –
бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату.
Отаншылдық сезім– адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс . Ол – ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін, баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, бала бақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Есірткісіз өмір сүрейік

Адам болу дегеніміз – саналы болу. Сондықтан өмір бойы өлім мен қуаныш,қайғы-қасірет толғандырады. Өзімізді терең түсіну үшін алдымызға мақсат қою керек. Өсіп-өніп келе жатқан алтын ұямыздың қадір....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Патриот

Отан басына қиын-қыстау іс түскенде қиынның қиынынан қаймықпай еңбек еткен кісі - міне, нағыз патриот сол. Отан – ана барда шын жүрегіңмен сүйетін жер-суың, туған халқың, туған жерің бар. “Отан үшін отқа түс күймейсің” - дейді дана халық. Халық қашанда қалып айтпайды. Ел игілігін тасытуда еңбегімен ел құрметіне бөленген жайсаң жастар арамызда қаншама десеңізші?!
Патриоттық сезім әркімде бола бермейтін қасиет. Қазіргі кезде елі үшін жан беретін адамдар кемде-кем. Көбінесе сөзбен барлығы патриот, ал іспен болса олар аз. Біз патриот болуға міндеттіміз. Себебі: Қазақстанда тұрамыз, бейбітшілікте, уайым-қайғысыз өмір сүріп жатырмыз. Бұған Президентіміздің де үлесі зор. Ол кісінің арқасында бүкіл әлемге танылудамыз. Адамдардың көрген қиыншылықтарына көмектесіп, қол ұшын беруде.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Патриоттық сезім- ана тілінің негізінде қалыптаспақ!

Біз – тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп , көріп келген елміз. Бүгінгі күні тәуелсіздікке қолы жеткен егеменді елміз! Бұл бізде онайлықпен келген жок. Бізге берген құдайдың бағы да емес,сыйы да емес. Ата –бабамыздың ұрпағым,елім, жерім деп армандап өткен сол үшін талай тер төгіп , талай қан төгіп мың өліп,мың тіріліп жүріп өзім жетпесем де ұрпағым жетсе екен деп армандап өткен еңбегінің жемісі. Мұны осы жиырма екі жыл ішінде есті адам есіне алып түсінетін тарихи даму жолы. ......
Шығармалар
Толық
0 0