Өмірбаян: Алексей Лодочников

Алексей Лодочников - қазақстандық жас домбырашы-әнші

Алексей өзінің іс-әрекетімен сенім арқылы алдыңа қойған мақсаттарына жету керектігін дәлелдеп жүр. Алексей қазақ тілінде жетік сөйлеп қана қоймайды, домбырада керемет ойнайды және де өзінің жастығына қарамастан кітап жазады.

1999 жылы Ақсу қаласында дүниеге келген. Қашыр балалар үйінің тәрбиеленушісі. Соңғы 14 жыл бойы Алексей балалар үйінде тәрбиеленді. «Дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат – музыкалық колледж» кешені» ММ «Домбырамен халық әндерін орындау» бөліміне түседі. 2014 жылы Алексей Екібастұз қаласында бірінші рет Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алдында өнер көрсетеді. Бұл өнер көрсету оқушының өміріне үлкен ынта берді. Көп кешікпей ол республикалық және облыстық музыкалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алады. Музыкалық колледжде оқып жүрген уақытта Алексей өзінің оқу орнындағы «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі болады.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Талғат Мұқантаев

Талғат Мұқантаев - дәрігер, хирург

Талғат Мұқантаев 3 қазан 1965 жылы Қазақстан республикасы, Форт-Шевченко қаласы, хирург-дәрігері отбасында дүниеге келген. Қазақ. Медициналық институтта оқу барысында, ол ақтөбелiк облыстық ауруханасында хирургиялық бөлімінде, медициналық аға ретiнде өзінің еңбек жолын бастаған. 1988ж. Ақтөбелiк Мемлекеттiк медициналық институтының емдiк факультетiн ойдағыдай бiтіріп, содан кейiн Маңғыстау облыстық ауруханасында шұғыл медициналық жәрдем беру бөлімінде хирург-дәрiгері болып жұмыс iстедi (Актау қ., Қазақстан Республикасы). 1992 – 1995жылдар аралығында РАМН Ғылыми хирургиялық орталықта клиникалық ординатурада оқып (Москва қ.), профессор А.Ф. Черноусовта, асқазан, өңештің жарақаттары және хирургиялық жолмен емдеу мәселесіне арналған, медициналық ғылыми кандидаты диссертациясын ойдағыдай қорғады. Қазіргі таңда И.М.Сеченов атындағы Бірінші МГМУ факультет хирургиясының клиникасында дәрігерлік диссертациясын қорғауды аяқтауда (Москва қ., РФ).

Ординатураны бітіргеннен кейін, 1995 - 2000 жалдары (Ақтау қ.) Маңғыстау облыстық ауруханасында хирургиялық көмек бойынша бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс жасады. 2000 ж. осы больницада жалпы және видеоэндоскопия бөлімін негіздеп және басқарған. 2006 - 2009 жылдары Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс жасап отырып облыстың алдағы медициналық мекемесін еуропалық стандартқа сай бастамашылыққа алып және масштабты қайта құруын шындыққа ойдағыдай іске асырды. Қазіргі таңда, облыстың штаттан тыс бас хирургі, облыстық ауруханада видеоэндоскопиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасайды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Шахан Жолдасбаев

Шахан Жолдасбаев – "Пандус.Ок" әлеуметтік жобасының авторы, спортшы, кәсіпкер
Өз өмірімен, ерік-жігерімен кейінгі буынға үлгі, алдыңғы буынға мақтаныш болатын азаматтар бар.

Солардың бірі Шахан Жолдасбаев. Мүмкіндігі шектеулі жан деп ол туралы мүлдем айта алмайсыз. Ол мүмкіндігі шектеуді жандар арасында Германияда өткен жүзу чемпионатының қола жүлдегері. Оның «Пандус. Ок» әлеуметтік жобасы аймақтағы үздік деп табылған. Жеткен жетістіктерімен, еңбегімен, іс-әрекетімен көптеген азаматтарға үлгі болған Шахан Қазақстанның 100 есіміне енуге лайық тұлғалардың бірі деп санаймыз.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Мағжан Талапұлы

Мағжан Талапұлы - велосипедпен Қазақстанның туын көтеріп, 22 елді аралаған алғашқы Қазақстандық азамат.

Мағжан алғашқы ғылыми экспедицияны Антрактидада басқарған. Ол Алматы Қаласында дүниеге келіп, Ш.Уәлиханов атындағы қазақ мектебіне барып, 7-11 сыныптарды ерекше дарынды балаларға арналған мектепте оқыды. Аты аңызға айналған саяхатшы революционер Әліби Тонжанұлы Жангелдиннің ұрпағы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Диас Тастанбеков

Диас Тастанбеков - ғылыми қызметкер

«Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтаған соң бір жылдан кейін Диас Назарбаев Университет – Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) зерттеу орталығына кіші ғылыми қызметкер болып орналасты, бұнда күн қуатымен жүретін батареяға арналған полимердің медициналық табиғи жолмен ыдырайтын және жартылай өткізгіш деген екі түрімен айналысты.
4 жылдан соң ол NURIS-ден кетіп бір жылдан соң ҚБТУ-де «Альтернативтік полимер материалдары» жекеменшік зертханасының меңгерушісі болады, ҚБТУ мен ҚазҰТУ (Политех) біріктірілгеннен кейін зертхана жаңадан құрылған университет – ҚазҰЗТУ-ге көшеді, ол осы жерде бүгінге дейін жұмыс істейді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Денис Кузин

Денис Кузин - конькимен жүгіруден әлем және Азия чемпионы, қазақстандық конькимен жүгіруші, спринттік көпсайысшы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Коньки спорт түрінен әлем чемпионы атағына ие жалғыз қазақстандық.

Денис Кузин 1988 жылы дүниеге келген. Ол 1998 жылы коньки тебу секциясына баруды бастады. Алғашқы бапкері Пастушенко Николай Петрович болды

Кузин әлем чемпионатын жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшы.
Конькимен сырғанау спортына Денисті әжесі Светлана Григорьевна Карайченцева әкелген екен. Ол – ата-анасы қаза болғаннан кейін баланың тәрбиесін толықтай өз қолына алған спортшының ең жақын әрі қымбат адамдарының бірі.

«Конькимен жүгіру спортына мені әжем күштеп әкелді. Ол мені мұнда темекіге, ішімдікке әуестеніп кетпей, спортқа деген қызығушылығымды ояту үшін әкелгені анық. Соның арқасында конькимен сырғанау спорты менің жұмысыма, өмірімнің мәніне айналды. Бұрын жай ғана сырғанау, жаттығуға келіп-кету ұнаса, қазір менің дайындығым басқа дәрежеге көтерілді», - деген ойымен бөлісті спортшы......
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Исамдун Харамов

Исамдун Харамов – жоғары санатты балалар ортопеді-травматолог

Көптеген қазақстандық бүлдіршіндер үшін Исамдун Харамов қайта жарық сыйлаған, толықққанды өмір сүруге мүмкіндік сыйлаған құтқарушы, нағыз батыр. Жыл сайын білікті дәрігердің «алтын қолдары» кішкентай балалардың физиологиялық деформациясын түзетеді. Қарапайым тілмен айтқанда туа бітті омыртқасы қисайған не болмаса түрлі себептермен омыртқасын замдаған балалардың арқасына операциялар жасайды. 2016 жылы дәрігер медицинаға сіңірген өлшеусіз еңбегі үшін «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Татьяна Немцан

Татьяна Немцан – Вячеславск үлгілі орта мектебінің директоры

Татьяна Николаевнаның мектебінде хлор мен дәретхананың емес, үй тоқаштарының иісі аңқып тұрады. Мектепте болып көрген қонақтардың барлығы осылай дейді. Ақмола облысындағы Вячеславск орта мектебінде халықаралық делегациялар, комиссиялар мен жоғары мәртебелі қонақтар, тіпті республика президенті де болып қайтқан. Өйткені директор кәдімгі ауылдың білім беретін мекемесін үлгілі мектеп дәрежесіне жеткізді.

Мектептің жылыжайы мен іргесінде жер телімі бар, сол жерде оқушылар ата-аналарымен бірге экологиялық және технологиялық стандарттарға сай көкөністер өсіреді – көзімен көргендердің айтуынша, бақшада өсетін картоптарының үлкендігі қырыққабаттай, ал қырыққабаттары – қарбыздай. Балалар өздерінің бақшасында тамшылата суару мен жаңбырлама саптамаларды енгізді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Елена Шушлебина

Елена Шушлебина – Зеленов аудандық ауруханасының учаскелік медбикесі

Ақтөбе қаласының 35 жасар тұрғыны Роза Тасқала ауданында туысқандарының үйіне қонаққа келген болатын. Жүктілігіне байланысты таңертең оны туыстары облыстық перинаталдық орталығына жеткізу мақсатында жолға шығады. Алайда жолда жүкті әйелдің толғағы басталғанын байқайды. Шұғыл Переметное ауылынан жедел жәрдем шақырады.

19 шілде күні сағат 11:20 Зеленов аудандық ауруханасына Орал-Тасқала тас жолынан қоңырау түседі. Еңбек демалысына шығуына байланысты дәрігер, акушер-гинеколог қызмет орынында жоқ болған. Алайда бригадамен учаскелік медбике Елена Шушлебина шұғыл жолға аттанады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Наталья Дементьева

Наталья Дементьева – Көкшетау гуманитарлы-техникалық лицейінің директоры
Ол «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі. 2009 жылы Астана қаласында өткізілген партияның кезектен тыс съезінде еліміздің жастары мен мұғалімдерінің атынан Елбасының алдында сөз сөйлеу құрметіне ие болды.

2009 жылдан бастап 2016 жыл аралығында лицейдегі мұғалімдік жұмысын «Қазақстан-Көкшетау» Ақмола телерадиокорпорациясының тележүргізушісі қызметімен қатар алып жүрді. «Біз үйрендік!» (тақырыбы – өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау), «Мың бір сөз» (қазақ тілінің теледидарлық сабағы), «Живой родник» (Қазақстанның танымал тұлғалары туралы), «Бір шағырақ астында» (Ақмола облысының Ассамблеясымен бірлескен жоба) атты өзінің авторлық жобалары бар, 2012 жылдың қыркүйек айынан бастап эфирге «Танымал» жобасы шықты. Мақсаты – еңбек адамының образын ашу. 2013 жылдың наурыз айынан бастап эфирге «Ақ дастархан» бағдарламасы шықты. Мұғалімнің «Живой родник» атты авторлық жобасы облыс мұғалімдерінің тарих, өзін-өзі тану, әдебиет сабақтарында белсенді қолданылады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0