Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) өзінің келесі кездесуін 17 шілде күні елордамыз Астана қаласында өткізеді. Бұл туралы Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықбаев айтты деп жазады Vesti.kz.
Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz сайтына тамыз айының соңында елорда төрінде өтетін Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBC) 55-ші конвенциясы туралы айтып берді.