Атақты Флойд Мейвезер Қазақстанға келеді

Атақты Флойд Мейвезер Қазақстанға келеді

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz сайтына тамыз айының соңында елорда төрінде өтетін Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBC) 55-ші конвенциясы туралы айтып берді.

"Бұл конвенцияны өткізу міндеті Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы мен WBC басшыларына артылған. Шамамен бұл жиын 25 маусым мен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Конвенция халықаралық EXPO көрмесі барысында өтеді. Оған меценаттар, бокс жұлдыздары мен бокс мамандары келеді. Конвенцияның құрметті қонақтарының қатарында кіші Флойд Мейвезер де бар", - дейді ол.

"Кличконың "Егер Украина президенті болсам, Украинада бірінші WBC жинын өткіземін", - деген сөзі жақсы есімде қалды. Бұл шараны өткізуге АҚШ және Хорватия елдері таласқан еді. Бірақ оны өткізу біздің елге бұйырды. Тіпті ұйым конвенцияны тамызда өткізуге мүмкіндік берді", - деп түйіндеді Бекхожин.

Ал осыған дейін конвенцияға даңқты боксшы Майк Тайсонның келетіні белгілі болған еді.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Флойд Мейвезер, Бекхожин, берді, президенті, Қазақстанның, кәсіпқой, айтып, конвенциясы, қауымдастығының, өткізуге, өтеді, Бүкіләлемдік, өткізу, конвенцияны, туралы, федерациясының, өтетін, Ерлан, Vesti, тамыз, сайтына

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]