Тақпақ: Туған тілім

Туған тілім өнегелі, өз тілім,
Туған тілім парасатты, бай тілім.
Туған тілде жыр жазамын, ән жазам.
Туған тілде әңгіме мен күй жазам.
Қазақ тілім асқақтай бер, жасай бер!
Ұлысың сен, мағыналы нар тілім!.......
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Тәуелсіздік - ұлы күн

Тәуелсіздік ұлы мейрам
Тойлады ел қуанып.
25 жыл өте шыққан
Ұлы бақыт, ұлы күн.

Сол кездегі сәби міне,
Толды мүшел жасқада.
Тәуелсіздік - туын міне,
Шарықтай бер аспанда.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Менің Анам

Менің ата-анам бар
Ештеңем жоқ алаңдар
Анам келсе жұмыстан
Үстел толы тағамдар
Бауырсақта пісіреді
Кәмпиттіде қояды
Кәмпиттерді тығып жеп
Менің қарным тояды.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Әкешім!

Әкетайым жанашырым
Кішкентайдан бағып-қағып,
Серуенге бірге шығып,
Қыдырып кетсем демалыста
Телефонмен қоңырау шалып,
Қал жағдайымды біліп тұрған,
Әкетайыма мың алғыс!
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Қоян

Сыбдырынан қоянның
Түнде шошып ояндым
Жібек тоны мамықтай
Шешеді ол қамықпай.

Жазда қорқақ сол қоян
Шөп ішінде бұғады
Қыста ақ тон киіп ап
Ақ қардай боп шығады.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Қазақстан

Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел - Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.

Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ақ әжем

Қарт әжемнен айналдым,
Өлең оқып үйреткен.
Ұстазыма ұқсаған,
Мен әжемді ұнатам.
Мектепке бармай тұрғанда,
Жаттау жатта деп айтқан.
Шаршап кеткен кезімде,
Ертегісін оқыған.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келді жайнаған,
Күн сәулесі жарқырап
Құстардың даусы сайраған
Осы кез сондай тамаша......
Тақпақтар
Толық
0 0