Тақпақ: Ұстаз

Ұстаз деген ұлағатты ұлы есім,
Білім беріп бізге шаршап жүресің.
Арманға алыс қанат қатып кеткенде,
Аяулы ұстаз қадірін сен білесің......
Тақпақтар
Толық
1 0

Тақпақ: Қыс

Алақай-ау, балақай!
Қыс келді ғой, балақай!
Шаңғы теуіп ойнайық,
Аққала да жасайық.

Қатты борнан соғады,
Қарда қалмай жауады.
Егер олай болмаса,
Жерді тұман басады.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келді жадырап,
Көк майсасын жамылып.
Бүршік жарып ағаштар,
Гүлдей жайнап даламыз.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Достар

Доспен әр кез көңілді,
Жақсы достар сатпайды.
Адал болсаң достарға,
Сонда досың қаптайды....
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Астанаға тілек

Болашақтың бастауы Астанамыз,

Астана еліміздің бас қаласы.

Астана болашағы сен елімнің,

Астана көрік берген жас қаламыз.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұя

Ұя салды көктемде,
Қос қарлығаш ұшып кеп.
Біткенше ұя тынбады,
Ары-бері ұшып көп......
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Қыс

Аққала соқты балалар,
Шаңғы, шана теуіп жүр.
Өте қызық ойнауда,
Мұзда коньки теуіп жүр.
Айбек, Жалғас қырға барыпты.
Балалармен қызыққа батыпты.
Балалар үйге келіпті,
Анасы тамақ беріпті.
Сосын сабақты оқыпты,
Сабақты бітіріп болған соң,
Ұйқыға жатыпты.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Белгісіз мезгіл

Бұл қай мезгіл?
Жаз ба, күз бе,
Қыс па, көктем бе?
Жоқ. Төрт мезгілдің орны аусып кеткен бе?
Кезек-кезек ауысады төртеуі
Біреуі кетеді, келесісі жеткенде.
Тақпақтар
Толық
0 0