Тақпақ: Ұстазыма

Аялап өсірген,
Әлпештеген мұғалім.
Әріптерді жаздырып,
Оқу,білім үйреткен
Рахмет, Сізге мұғалім.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Атырау

Мұнайлы өлкем- Атырау,
Туған жерім асыл –ау.
Менің саған құрметім,
Бас иемін қабыл ал.

Өзіңді сүйіп өтермін,
Жырыңды жырлап кетемін.
Менің өлкем - Атырау деп,
Мақтанышпен сөйлермін.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Күшігім

Күшігім менің ақтабан,
Бекер қарап жатпаған.
Сиыр кірсе аулаға,
Аулаққа қуып тастаған.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстаз

Ұстаз деген кім ол десең,
Ұстаз жайлы тым аз білсең,
Мен берейін бұған жауап,
Сөзіме егер, құлақ түрсең!
Ұстаз – дана, ұстаз дара
Ұстаз деген бір тұлға.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сен сыйла!
Ұстаз деген екінші анаң ізетті,
Аямайық ұстаздарға құрметті!!!...
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұлы Абайға

Сезініп өлең-жырдың ғаламатын,
Ұмытылмас ешқашан ұлы ақын.
Халқының данышпаны ұлы Абай
Жырымен таңғалдырған жамағатын.

Ғажайып сырға толы өлеңдерің,
Тебіренеді толқындай жан жүрегім.
Бүгінгі ұрпақ сусындап жырларыңнан
Жалындап шабыт алып шарықтаған.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Өтірік өлең

Осыдан сегіз ғасыр бес жыл алдын.
Келіп ем осы өңірге қадам басып.
Жасым менің 6-да туылған ем Қытайда,
Суши менен лапша жеп,
Өстім үлкен сарайда......
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Ғазиз құстар келеді аласұрып,
Көктем келе жатыр ғой қар ашылып,
Күн шуағын шашады көгімізде
Өтті, кетті ызғары қара суық.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Қазақстан

Қазақстан туған өлкем.
Неткен ғажап туып өскен,
Кең байтақ жерімде,
Күліп ойнап күлімдеген.......
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Туған жер

Туған жер атамекенім,
Бақытты өлкем бақ қонған.
Өзің деп мәңгі өтемін.
Өзіңе мен жат болман.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Қыс мезгілі

Дала, дала дала аппақ,
Айналайын бәрі аппақ.
Далада мен ойнаймын,
Достарымды ертіп-ап.

***

Аса аса аса,
Шағып алды маса.
Қолыма таяқ алайын,
Масаны мен қуайын.
Тақпақтар
Толық
0 0