Өлең: Жұмағали Саин (Ақта ата-ана борышын)

Таң атты жарқын нұрымен,
Құшақтап біздің өмірді,
Бөленіп қызыл арай,
Мектеп те көзге көрінді:
Бұрынғыдан өзгеше,
Кербез, сұлу сыланған,
Маңайын гүл басыпты,
Балалар жүр қуанған.
Бөбек күйі, жан күйі,
Ана баптап баласын.
Шөп-шөп сүйді бетінен,
— «Сен сабаққа барасың».
— Апа!— деді Гүлзада.
— Айтшы, көзім қарасы!
— Кітаптары қолында,
Мынау үйдің баласы........
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Мәз емес)

Мещанкаға

Қызыл ерін,
Жалғыз көрім,
Бетіңе «ұнды» жағынсаң.
Үйден безіп,
Көше кезіп,
Жұрттың көзін бағынсаң.
Еппен тұрып,
Көзің күліп,
Назданасың «сарына»
Бүгін мынау,
Ертең анау,
Қарамайсың арыңа.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Ұмытпаймын)

Сенің ғана бесігіңде
Бірінші рет шыққан үнім,
Сенен туған адал қанды
Ақ ниетті менмін ұлың.
Әлі аузымда кепкен жоқ
Емген сүтім, жаным ана.
Сен қамқорым дүниедегі,
Сен тірегім жалғыз ғана.
Күлімдеген күміс күнде
Октябрьден алған сырды.
Ақын - дағы жібектейін
Сонда ағытқан сұлу жырды.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Қазақ қызы Жанарға)

(Хамар Құрбановадан)

Бармақ болып, достым Жанар, еліңе
Тағат қылмай, саған сауқат іздедім,
Оттай ыстық ақ жүзіңді көруге
Минут сайын шыдамадым, төзбедім.
Жанар үшін деп едім мен, анталап
Көктем гүлі алдыма кеп жиылды,
Қиялыма қанат бітті сол сағат,
Қуанышым дастан болып құйылды.
Сәнді сұлу ерке көктем гүлдерін
Жиды тегіс, саған букет таңдадым.
Піскен анар, тәтті беһдин1 түрлерін
Жанарға деп, Жанарға деп арнадым......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Ашығудың бесінші күнінде)

(Назым Хикметтен)
Туысқандар!
Айтар сөзді мен бүгін
Тапсам әрең.
Ақтарар көңілдегі
Бар сырымды,
Қалдырмай баяндайтын
Бар шынымды,
Ұғарсыңдар себебін
Оның неден?
Бесінші.күн тым ауыр
Аштық деген,
Менің басым ауырады.
Азия, Америка, Европада
Тілектес бостандыққа
Туған — бауыр......
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Деректер қорын ұйымдастыру 2-сабақ (Информатика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпараттық жүйелер
Сабақтың тақырыбы: Деректер қорын ұйымдастыру 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.3.2.4 деректерді енгізуге формаларды жасаумсоздавать
10.3.2.5 шығарылған деректер арқылы отчет жасау
Сабақтың мақсаттары: - форм, отчет түсініктерімен танысу
- форма және отчет жасап үйрену
ДҚБЖ ACCESS...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Қабылда, Отан)

Туған елім,
Өз Отаным, астанам,
Талай биік жеңістерге бастаған,
Қазақстан рапорт етті, қабыл ал,
Рапортында миллиондаған астық бар,
Қазақ жері қырман толы қайысқан.
Сол астықты көтере алмай майысқан,
Бір миллиард Отанға арнап жөнелтті,
Байыды елі, шаруаларын кенелтті.
Туған елім!
Компартиям, астанам!
Сенсің мені жеңістерге бастаған.
Сенсін маған достық берген, қол берген,
Қазақ елі құлпырсын деп жол берген......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Айқас)

Келе жаттым айсыз түнде,
Баяулатып әнге сап.
Тұрды күліп біздің дүние,
Электрден жарық ап.
Салған әнім желмен бірге,
Ұшты әуені қалықтап,
Көтергендей мені күнге
Кетті заулап шарықтап.
Жер мамығы қош иісті,
Одеколон шашқандай.
Неткен рахат, неткен жайлы?
Көңіл шалқып тасқандай.
Минут сайын көзді тартқан,
Мың құбылған сұлу жер.
Нұрдан жұлдыз, күннен алқа
Таққан, әне біздің ел.
Келем міне, келем міне,
Әндетемін көңіл шат.
Әлдеқайдан өлеңші қыз......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Москва)

Ақыл, ойым, жүрегім, тіл мен жағым!
Естір құлақ, көрер көз шамшырағым!
Саған, саған ұлы Отан астанасы,
Жүрегімнің түбінен жыр арнадым.
Мен де бүгін сенімен туған жанмын,
Кремльдің ішінде тұрған жанмын.
Қызыл алаң түбінде сан-сап болып,
Сарайында салтанат құрған жанмын.
Маған артық еш жер жоқ Москвадан,
Орыс, қазақ бір туыс —
Біз — Бір адам.
Сондықтан, қауіп төнген күндеріңде,
Бір сен үшін өлімге бас байлағам!
Міне отыз жыл күн болып енді жарық.....
Өлеңдер
Толық
0 0