Өлең: Жұмағали Саин (Қабылда, Отан)

Өлең: Жұмағали Саин (Қабылда, Отан)

Туған елім,
Өз Отаным, астанам,
Талай биік жеңістерге бастаған,
Қазақстан рапорт етті, қабыл ал,
Рапортында миллиондаған астық бар,
Қазақ жері қырман толы қайысқан.
Сол астықты көтере алмай майысқан,
Бір миллиард Отанға арнап жөнелтті,
Байыды елі, шаруаларын кенелтті.
Туған елім!
Компартиям, астанам!
Сенсің мені жеңістерге бастаған.
Сенсін маған достық берген, қол берген,
Қазақ елі құлпырсын деп жол берген.
Сен шақырдың, ұл, қыздарың тізілді,
Ғасыр бойы жатқан тыңдар бұзылды.
Қала болды, егін болды, көл болды,
Ұшан-теңіз байлығы да мол болды.
Қабылда, Отан,
Алтын бидай дәндерін,
Ел сәлемін, елдің сұлу әндерін.
Сыйға тартты оттай ыстық жүрекпен,
Қымбат дәндер алтын менен жібектен.
Бұл миллиардты махаббаты елімнің,
Бірге оралған әр дәнімен егіннің.
Барлық ұлттар достығының айғағы
Гүл жайнаған Қазақстан аймағы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Қабылда Отан өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Қабылда Отан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]