Бата-тілек: Қарасай батырдың Есімханнан алған батасы

Бата-тілек: Қарасай батырдың Есімханнан алған батасы

Ал, ақ батамды берейін, қолыңды жай:
Аллаға қылығың жақсын,
Таңда машһар күніңде
Алдыңнан бүлақ ақсын!

Періштелер маңдайыңнан иіскеп
Жауырыныңнан қақсын,
Көкірегің ақ болсын!
Қара босағаңнан қыдыр кетпесін,

Қара шаңырағыңнан ырыс кетпесін,
Атың алты алашқа танылсын
Дұшпаның табаныңда қырылсын!
Атың - ұран болсын,

Айтқаның құран болсын,
Жолбарыстың жүрегін берсін!
Бар әулие, әмби, аруақтар қолдай қоршап,
Бар жақсылық тілегінді берсін!
Әумин!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
казакша бата-тілек Қарасай батырдың Есімханнан алған батасы благословение на казахском, благословение Карасай батырдын Есимханнан алган батасы на казахском языке бата-тілек скачать бесплатно, бата-тілек түрлері жинағы оқу, виды благословения на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]