Бата-тілек: Керей Тоқсан бидің батасы

Бата-тілек: Керей Тоқсан бидің батасы

Қарада Қазыбектей бақытты бол,
Ақсүйек Ахметтей тақытты бол!
Жаппаста Жарасбайдай түйелі бол,
Қыпшақта Кенебайдай биелі бол.

Керейде Жәнібектей ақшалы бол,
Бұғының мүйізіндей шақшалы бол.
Нәсілің Құрайыштың ғибласындай,
Қожахмет Йассауидей киелі бол.

Сері Ғалы арыстандай балалы бол„
Бір түнде бес жүз намаз ада қылған,
Шапатлы Батимадай аналы бол.
Шақшақта Қазыбектей аталы бол,

Ұлы жүз Сәуенедей баталы бол.
Абылайдан кем болмасын
Жұмсаған Апатауға сансыз мың қол.
Тәуфікте төрт ғиблан түгел болсын,

"Әумин" деп, қолыңды жай, айтарым сол.
Болғанда тағам сізден, ыкдас бізден,
Енді қандай тілейсіз бата бізден?!
Әумин!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
казакша бата-тілек Керей Тоқсан бидің батасы благословение на казахском, благословение Керей Токсан бидин батасы на казахском языке бата-тілек скачать бесплатно, бата-тілек түрлері жинағы оқу, виды благословения на казахском языке, Керей Тоқсан бидің батасы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]