Бата-тілек: Дастархан басында берілетін бата-тілектер

Бата-тілек: Дастархан басында берілетін бата-тілектер

Жарылқа, Алла, қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет!
Ізет - абырой, бақ - дәулет,
Қызыр қарап, бақ қонып,
Не тілесең,
Соның бәрін қабыл ет!

***
Осы үйдің иесіне
Молайтып мал бер.
Көбейтіп ас бер,
Ұзақ жас бер!
Аттансын келген қонағың
Іштей тойып,
Ырзығы таусылмайтын
Ықылас бер!

***
Ардақты үй иесі:
Әуелі бердің шай,
Көңілің болсын жай!
Екінші бердің ет,
Таппасын көңілің
Ешбір дерт!
Үшінші бердің сорпа,
Болмасын бағың орта!

***
Жаз келіп, көңілің жай болсын,
Көргенің шаттың той болсын!
Абзал досың көп болсын,
Берген батам сол болсын!

***
Бата бердім, бақ тіледік,
Ақ дастарқан басына.
Я, Құдайым, шын тіледім,
Келсін деп менің қасыма!
Көңілің көлдей болып,
Көргенің түстей болып,
Қыдыр қонсын басыңа!

***
Ай көрдім,
Аман көрдім.
Баяғыдай
Заман көрдім.
Ескі айда есіркедің,
Жаңа айда жарылқа!

***
Бастарыңа бақ берсін,
Не берсе де нақ берсін!
Қырда жүрген Қызырды
Үйлеріңе ап келсін!
Қарындарың тоқ болсын,
Қайғыларың жоқ болсын!
Шүпірлеген үйіңде
Балаларың көп болсын!

***
Әумин десең маған,
Құдай берсін саған!
Оң жағыңа қарасаң,
Алтыннан терек орнасын!
Сол жағыңа қарасаң,
Күмістен терек орнасын!
Еш жамандық болмасын,
Аман болсын мал - басың!
Қызыр болсын жолдасың!
Дастарқан байлығын берсін,
Деніңнің саулығын берсін!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
казакша бата-тілек Дастархан басында берілетін бата-тілектер благословение на казахском, благословение Дастархан басында берілетін бата-тілектер на казахском языке бата-тілек скачать бесплатно, бата-тілек түрлері жинағы оқу, виды благословения на казахском языке, Дастархан басында берілетін бата-тілектер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]