Қазақша Бата - тілек: Мектеп табалдырығын аттаған балаға

Қазақша Бата - тілек: Мектеп табалдырығын аттаған балаға

Айналайын аттасым
Талантың судай қаптасын,
Дініңе сенсең, Мұхамбет демесін.
Тіліңе сенсең, Жиренше шешен демесін.
Атағың Абайдай болсын,
Абыройың Абылайдай болсын,
Жүректі болсаң, Қабанбай жебесін,
Білекті болсаң, Бөгенбай жебесін.
Наурызбайдай батыр бол,
Бауыржандай батыл бол,
Әділдікте Наршаруан қол берсін,
Хакімдікте Лұқпан өзі дем берсін.
Жалғыз болсаң, Алланы есіңе ал,
Жарлы болсаң, пайғамбарды есіңе ал.
Қалың елің халқыңды ұмытпа,
Ата жолы –салтыңды ұмытпа.
Аспанда Ғайса,Жерде Мәди Қырда Қыдыр
Суда Сүлеймен қолдасын!
Еш жамандық болмасын.
Азамат бол, арлы бол,
Қастарыңның алды бол,
Біліміңмен әділ бол!
Дос-жараның сүйсінсін,
Дұшпаның іштей күйінсін,
Басыңа бақыт құйылсын!
Дуалы ауыздың батасына жолық!
Әумин!

Автор: Жұматай Сабыржанұлы, «Ана тілі» апталығынан.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Мектеп табалдырығын аттаған балаға бата, мектеп табалдырығын бата тілектер, мектеп туралы бата, мектеп, оқушыға бата, оқушыларға бата

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]