Бата: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Жамбыл Жабаев)

Бата: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Жамбыл Жабаев)

Қазақша Баталар жинағы, Қазақша Баталар сайты, Баталар жинағы, Жамбыл Жабаев бата 9 мамыр жеңіс күніЖүз жасаған жүректен
Уа, қарағым балалар!
Ер бол демей, не дейін.
Ереуілді майданда
Үстем болсын мерейің.
Жауды қырып, айдауға,
Талмай көмек берейін.
Дүбір қосып айғайға,
Қызыл тілді жебейін.
Сендерге өлең айтқанға,
Еш шаршадым демейін.
Қан майдан боп жатқанда,
Қарлығар ма көмейім!
Жүз жасаған жүректен
Жырларымды төгейін.
Көктеменің күніндей
Жауды жеңіп, күлімдеп.
Күлгеніңді көрейін.
«Қаһарманым! Күнім!» деп
Беттеріңнен өбейін.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақша Баталар жинағы, Қазақша Баталар сайты, Баталар жинағы, Жамбыл Жабаев бата 9 мамыр жеңіс күні

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]