Бата - тілек: Құдалық, құдаға

Бата - тілек: Құдалық, құдаға

Сұрасаң бата берейін,
Қолыңды жай ниет қып.
Сөзімнен маржан терейін,
Құдалықты құрмет қып.

Төскейде қосып малымды,
Төсекте қосып басымды,
Ортақ қылды Құдірет,
Дастарханда асыңды.

Балалар бүгін ер жетіп,
Өрге өрлетті тасымды.
Өздеріңмен құда ғып,
Төрге өткізді басымды.

Құрметтеп бүгін отырсың,
Ұсынып жамбас, басыңды.
Шақырыпсын қонақ қып,
Жайсаң менен жақсынды.

Қыдыр келіп қасына,
Бақ дәулет қонып басына,
Мейірін төксін Жаратқан.
Кәрі менен жасыңа.

Шаңырағығнығ астына,
Құт, береке орнасын.
Тауын болсын асыл тас,
Алтын, күміс, қорғасын.

Көретпесін Жаратқан,
Жамандықтың жар басын.
Жетпіс жеті аруағын,
Әр ісіңді қолдасын.

Ортамыз даңғыл жол болып,
Мың жылдық болсын арамыз.
Қызығын көріп жалғанның,
Жүз жылдық болсын баламыз.

Құда мың жылдық
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
құдалық баталары, құда түсу бата, кудалык бата беру, кудалык баталар, бата кудаларга, құдалық бата беру, құдаларға бата беру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]