Қазақша Мақал - Мәтел: Күншілдік, қызғаныш

Қазақша Мақал - Мәтел: Күншілдік, қызғаныш

Күндестердің күлі де - күндес.
Махмұд Қашқари

Қырсыққанда қымыран іриді.

Қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл, өз жұртың күншіл.

Ағайын жоқ болсаң - бере алмайды,
бар болсаң - көре алмайды.

Күншілдің күні қараң.

Көкдолыдан дәупері қашыпты.

Екі қарға таласса, бір құзғынға жем болар.

Біреудің біреу бағын көп көреді,
Біреуді біреу алдап жеп келеді.
Би-шешендер

Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса - түртіп оны көре
алмас, басқа қиын іс түссе - ел қыдырып таба алмас.
Шернияз Жарылғасұлы

Ағайынға ала көз
бола қалсаң -
Аузыңдағы несібеңді
біреу жемек.
Төле би Әлібекұлы

Бақыты
зордың - бақталасы да мол.
Жанақ Сағындықұлы

Күншіл адам - мұңшыл.
Жүсіп Баласағұни

Қызғаныш қайда
болса - ұрыс-керіс те сонда.

Опасызға бір түйір нан тістетпе,
Күншілге де сеніп ісің істетпе.

Қызғанның қызыл итке жем болар.

Топ көрмеген - қорғаншақ, топта озбаған - қызғаншақ.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Жүсіп Баласағұни, қызғаныш туралы мақал-мәтелдер, қызғаныш туралы мақал, күншілдік туралы мақал-мәтелдер, күншілдік туралы мақал, пословицы о жадности на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]