Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Бір тұтас әлем)

Қазақша өлең: Баубек Ералыұлы Бердіжар (Бір тұтас әлем)

Қабағы ағарған қатулы қарт дала көп көрген,
Біз білер және де білмейтін ерліктер өткерген.
Тарихтың әр сәті төсіне қашалып жазылып,
Сыры бар,
Бәріміз баратын...
Ар жаққа көтерген...
Мәңгі ел – Қазақтың,
Өткен мен бүгінін сақтаған.
Қол жайып тұрғандай,
Құшақта ақ қардай ақ арман.
Қырандай қоныстап,
Киелі қарт дала төсінде.
Ұлы ел – Қазағым,
Бабалар үмітін ақтаған.
Бағым да,
Ерлігім,
Пешенем бұл жерге байланған.
Тірлігі от болып қазанда бақ-сорым қайнаған,
Бұл дала көңілім.
Бұл халық еңселі жүрегім,
Тар жолда кең жүріп,
Адалдық арынан таймаған.
Әр қазақ жалғызым,
Әр өлке жанымның гүлісің.
Біртұтас әлемдей,
Бөлінбес біртұтас жырымсың.
Біртұтас әлемді жан беріп ерлікпен қорғамай,
Жан бағып қор болып өтетін,
Өмірің құрысын!...

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
баубек ералыұлы бердіжар Бір тұтас әлем өлең стихи на казахском баубек ералыулы бердижар казакша олен, баубек ералыұлы бердіжар өлеңдері, стихи на казахском языке баубек ералыулы бердижар, баубек ералыулы бердижар олендери, Бір тұтас әлем

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]