Қазақша өлең: Ақ тілек

Қазақша өлең: Ақ тілек

Ақ Неке – Хақ Алланың шапағаты,
Ақ Ниет – ақ адалдың Махаббаты.
Ақ тойың ақ арманның күлкісіндей,
Ақ жүрек аңқылдасын бір кісідей.
Ақ Серігің қасыңнан табылғасын,
Ақ Махаббат, ақ шаттық арылмасын!
Ақ деген Сөз – тілегі бар Қазақтың,
Ақ сақалдың тілегі қабыл болсын!
Ақ сөзін ақ әжелер аямасын,
Ақ келін ақ мейірге саяласын.
Ақ пейіл адал Жарың ақ сезіммен,
Ақ Жан деп, ақ төсекте аяласын!
Ақ байлық қонсын әрбір мал басыңа,
Ақ көрпе құтты болсын жамбасыңа!
Ақ босаға – Ол сенің ақ Ырысың!
Ақ тілектің айналсын Ордасына.
Ақ Алла жамандықтан сақтандырсын,
Ақ Иман байлығымен шаттандырсын!
Ақ маңдай, ақ періште сәби үні,
Ақ шаңырақ ішіне Бақ қондырсын!

Бауыржан Қарағызұлы
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
ақ тілек бата, өлең ақ тілек, ак тилек олен, ақ тілек құттықтау, ак тилек бата, Бауыржан Қарағызұлы, бауыржан қарағызұлы ақ тілек өлең стихи на казахском бауыржан карагызулы казакша олен, бауыржан қарағызұлы өлеңдері, стихи на казахском бауыржан карагызулы, бауыржан карагызулы олендери, ақ, тілек, бата, өлең, ак, тилек, олен, құттықтау, Бауыржан, Қарағызұлы, бауыржан, қарағызұлы, стихи, на, казахском, карагызулы, казакша, өлеңдері, олендери

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]