Өлең: Мұхтар Шаханов | 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан алаңы)

Өлең: Мұхтар Шаханов | 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан алаңы)

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...
Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейдi қара бет,
Қара беттiң көбi бүгiн дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдiршiн, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңiсi мен жеңiлiсiн санап өт.
Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал бiреулер намысы жоқ, жiгер, қауқар, қары жоқ
Кемсiтпекшi "желтоқсанның жалаң аяқтары" деп.
Жоқ!!! Кешегi сын сағатта көкiрегiнде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттiң ары боп,
Дәуiрiнiң тауығына шашылмаған тары боп.
Тiрлiктегi әр iсiңнiң жаңғырығы болады,
Бұл табиғи жасырын заң өзгерiссiз қалады,
Сол заңға сай сенi бақыт не сор iздеп табады.
...Дүниенi дүр сiлкiнткен жас толқынның саналы
Даңқын ешкiм, ешкiм бүркей алмас.
Оны да еске салады,
Желтоқсанның бас алаңы, қайсар рух алаңы.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
стихи мухтар шаханов на казахском языке, Мұхтар Шаханов Қазақша өлең, казакша олен Мұхтар Шаханов, стихи Мұхтар Шаханов на казахском языке, мухтар шаханов казакша олен, Мұхтар Шаханов өлеңдері, махамбет отемисулы олендери на казахском языке, тәуелсіздік туралы өлеңдер мен тақпақтар, тәуелсіздік туралы өлеңдер жинағы, тәуелсіздік туралы өлең шумақтары, Қазақша өлең Тіл және тәуелсіздік, 16 желтоқсан өлеңдер, 16 желтоқсан туралы өлеңдер, 16 желтоқсан туралы өлең, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні өлеңдер, тәуелсіздік күні өлең, тәуелсіздік күні өлеңдер, тауелсиздик куни олен, Қазақша өлең: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Желтоқсан), тілдер күніне қазақша өлең, тәуелсіздік күніне қазақша өлең, Қазақша өлең, тил тауелсиздик туралы казакша олен

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]