Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Ескі Түркістан)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Ескі Түркістан)


Ескі шаһар - таң дүние,
Салар болсаң назарың,
He көресің?
Көресің -
Майдан сайын мазарын.
Мазар сайын мың сопы
Саулатып тұрған ғазалын.
He көресің?
Көресің -
Мөлиген мешіт ажарын.
Мешіт сайын сан молда
Аңыратып тұрған азанын.
He көресің?
Көресің -
Ыңыл-жыңыл базарын -
Бүлкілдетіп әр жерде
Қайнатып жатқан қазанын.
He көресің?
Көресің...
Тоқтайын, талар назарың!


Ыңылдайды арбакеш,
Арбаңдайды арбасы.
Ырғалады ол, ырғалад
Астындағы жорғасы.
Қойнында бар қауыны,
Қолында қызыл алмасы.
Кұлаққа гүл қыстырған,
Берген шығар қарғасы.
Сағыздай созар сәлемін,
Қарсы келсе молдасы.
Мешіт көрсе, мөлиед
Тұрғандай төніп Алласы.
Өте берсе орыстың
Бүлкіл бөксе маржасы -
Ыңылдайды арбакеш,
Арбаңдайды арбасы!


Пәренжі үсте - бітеу қап,
Бетінде перде - шімбеті.
Шімбетінің астында
Гүл шырайлы шын беті.
Желпіне алмай, жамылып,
Быршып тұрған тер беті.
Шаңырақ сырға құлақта,
Мөлт-мөлт еткен меруерті.
Зәмзәм құйған құтыдай
Домаланған келбеті.
Тарта беру тымпиып -
Көшеде оның міндеті.
«Ағузы біллеһи, әйелге
Мұтлақ харам ер беті».
Түркістанның тақсыры-ай,
Құдіреттен күшті-ау құдіреті.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Ескі Түркістан), мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи, магжан жумабаев стихи на казахском языке, магжан жумабаев олендери, стихи магжан жумабаев на казахском языке, мағжан жұмабаев Қазақша өлең, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев казакша олен, мағжан жұмабаев Ескі Түркістан өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]