Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Туған жер)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Туған жер)

Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кiндiк кесiп, кiрiм сенде жуған жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес күнiмде
Ойын ойнап, шыбын-шiркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбiм.
Жалғаны жоқ, бәрi сенен жан-тәнiм.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнiм.
Тәттi суың дәмi аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..
Балақ түрiп, қозы қуып, жарысып,
Батпағыңда тең құрбымен алысып.
Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндiз
Үйретем деп асау тайға жабысып.
"Адам басы - алла добы" деген рас,
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.
Кiм бiледi, мен де шетке кетермiн,
Туған жерiм,сенi тастап басым жас.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев Туған жер өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, стихи на казахском языке про родину казахстан, туган жер туралы олендер жинагы, туған жер туралы өлең шумақтары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]