Қазақша өлең: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Туысқан жұрттар тұрағы)

Қазақша өлең: 1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні (Туысқан жұрттар тұрағы)

Әр алуан тірлікпен
Әлемде жатыр мыңдап ел.
Айнымас достық, бірліктің
Аймағын көрсең, мұнда кел!...

Теңсіздік терең көмілді,
Шаттықтан шалқып өнді үнім,
Баршасы мұнда көңілді
Ақ, қара, сары өңдінің...

Артықша таза моральды
Ақ, қара жігі, қыз қандай!
Махаббат қайта жаралды,
Жүректен жүрек қызғанбай.

Күндерден ортақ сыбаға,
Күресте дайым біргеміз.
Арада жол жоқ сынаға,
Мәрмәрдай тұтас іргеміз.

Өлкемде өлмес тірі аңыз
Қалады жаздан, қыстан да.
Жұрағат жұрттар тұрамыз
Осындай Қазақстанда...

Х.Ерғалиев
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
1 мамыр бірлік күні өлең, Қазақша өлең: Бірінші 1 Мамыр - Бірлік күні, Қазақша өлең, Бірінші 1 Мамыр - Бірлік күні, стихи на казахском языке, 1 мамыр ынтымақ күні өлеңдер, 1 мамыр ынтымақ күні бірлік күні өлеңдер, стихи на казахском языке про 1 мая, стихи на казахском языке день единства 1 май, 1 мамыр бірлік күні олен, 1 мамыр мерекесіне арналған өлеңдер, 1 мамыр ынтымақ күніне арналған өлеңдер, 1 мамыр мейрамы, 1 мамыр тақпақтар балабақша, 1 мамыр тақпақ, 1 мамыр туралы тақпақ, 1 мамыр бірлік күні тақпақтар, 1 мамыр бирлик куни такпак, 1 мамыр бирлик кунине такпактар, стихи на казахском языке на 1 мая, 1 мамыр, тақпақтар балабақша, тақпақ, балабақша, 1 мамыр такпактар балаларга

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]