Өлең: Жарыста (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Жарыста (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ерлік, еңбек, оқу, мектеп
Біздің өмір жалғасқан.
Ол негізім шығар көктеп,
Тәрбие, үлгі алмасқан.

Колхоз, совхоз ен далада,
Жаңа құрылыс алыптар.
Машина, өнер екпінді іспен
Сүйре, ілгері алып бар.

Құрылыс мәні – социализм,
Басты миллион болаттар.
Еңбек туын алып қызыл,
Бастаған жас талаптар.

Өс қоғамым, көркей өмір,
Өрле ілгері табысқа!
Қуат, күшпен серме көңіл
Социалистік жарыста.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Жарыста өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Жарыста казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Жарыста

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]