Қазақша өлең: Иса Байзақов (Шахтерлер)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Шахтерлер)

Қарағанды шахтерлері, ұр еңбектің дабылын,
Түс одақтық жарысқа, үдет істің қарқынын.
Көрсет бүгін қайрат, күшті социалистік жарыста,
Жер құйқасын шымырлатып, соқ айлаңды қарышта.
Қызсын еңбек, қайнасын күш майданда,
Сыбан білек, түр жеңді, ұлы дүбір шабыста.
Еңбек ері, түс жарысқа, істі үдет қарқында,
Бар күшіңді аямастан жұмса іске тартынба.
Үлгі көрсет, басшылық ет еріншекке еңбекте,
Көмектесіп күш біріктір, қатарыңнан қалдырма.
Техниканы меңгере біл, білімменен іс істе,
Кен түбінде қара көмір, қара жақпар жарылсын,
Еңбек қазан заводыңа алтын шырақ жағылсын.
Ұшыр көкке олқылықты, қайта келмес алысқа,
Кем-кетікті түгел жойып жетейік бұл табысқа,
Ұлы істің міндеттерін іс жүзінде орында,
Донбасс, Кузбасс бассейннің қатарынан қалыспа.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
иса байзаков Шахтерлер туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Шахтерлер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]