Қазақша өлең: Иса Байзақов (Жаңа өмір)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Жаңа өмір)

Жастар да албырт жүрек қыран көзді,
Сезімді, көңілі зерек, өткір сөзді.
Ұстазым ұлы көсем арқасында,
Аспандап абыройдың тұрған кезі.
Шықтық жайнап жарыққа,
Нұрыңды шаш халыққа.
Халқың үшін жастарым
Ұмтыл алға, қарышта.
Жаңа өмір, жас ұланға гүлін шашты,
Тасыды, өсті олар да алға басты.
Көзі ашық, ойға терең өнерпаздар
Өнерін шарықтатып, кенін ашты.
Жаңа жыр қайнасын,
Жаңа тіл сайрасын.
Социалдық жарыста,
Қызып еңбек қайнасын.
Еңбекші ел, кел жарысқа.
Кел, кел, кел;
Кел жарысқа
Кел, кел, кел!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
иса байзаков Жаңа өмір туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Жаңа өмір, өмір туралы өлеңдер жинағы, омир туралы олен жолдары, омир туралы олен такпактар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]