Өлең: Әбіт Ыразақұлын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Әбіт Ыразақұлын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дәм бұйырып біз келдік
Қожағұл деген ауылға-ай.
Берекелі ел екен,
Орманы қалың тауында-ай.
Сөртінің ұлы болғандай,
Жасынан шыққан дәрубай.
Атағы жеткен алысқа,
Мұзарттың биік тауындай.
Озып жүрген шын жүйрік,
Бәйгесін алған шабылмай.
Азып келген халыққа,
Сүйеніш болған бауырдай.
Жер-суменен қамдады,
Мініс көлік, сауынды-ай.
Той-жиында халыққа
Мәтел сөзі сарындай.
Келген елге жалғастың,
Қойныңды ашып тарынбай.
Шарапаты жақсының
Қоймады жұртқа танылмай.
Көшіп келген халық ек,
Жер-суды қалдық сағынбай.
Қариясы Өкпебай
Айтылсын бұл да қалынбай.
Бұтабай да қария
Ағайынға жағымды-ай.
Қанапия азамат,
Ағасын дейміз тағындай.
Жақыпбек күнде екпінді,
От қойған шидей жалынды-ай.
Алымбек мырза белгілі,
Ел-жұртына танымды-ай.
Көрінеді Сымағұл
Тонның ішкі бауындай.
.................................
Сөз сарыны дауылдай.
.................................
Көктемгі жауған жауындай.
Еркебайдың байлығы
Саудагардің малындай.
Қосып айтып кетейін,
Ашытқан илеп қамырдай.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ ауыз әдебиеті Әбіт Ыразақұлын жоқтау өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Абит Ыразакулын жоктау казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Әбіт Ыразақұлын жоқтау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]