Өлең: Қарқаралы қыздары


Сұлулықпен жүректерді жаулаған,
Жылулықпен көңілдерді баураған.
Қарқаралы қаласының қыздары
Жәннаттың хор қызынан аумаған!

Бауырмал барлық алыс-жақынына,
Жарасқан бар ізгілік тақымына.
Кербездене жүретұғын иіліп,
Бәрінің ажары сай ақылына!

Бойларынан ізеттілік байқалған,
Құлпырып, әсем гүлдей жайқалған.
Жігіттердің көздері түсе қалса,
Бастары еш соққысыз шайқалған.

Ар-ұяты тұрады жүз адымнан,
Көрінер көлеңкелі сөз барынан.
Көреген, тәрбиелі,иман жүзді,
Айналдым Қарқаралы кыздарынан!

Автор: Айым Мухитбековна
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]