Өлең: Ауғанстан қасіреті


Ауғаныстан соғыс алаңы,
Өзгермейтін жоспары.
Тағдырымыз тоғыса алады,
Майдандағы достарым.

Ауғаныстан қасіреті,
қалар мәңгі жоғалмай.
Жандарыңды тәсілім етіп,
Кеттіңдер ме оралмай?!

Қайырмасы:

Үмітпенен көк аспанға
Қарайтын едік, күнде біз.
қатал күндер, жол ашқанда.
Сапта тұрдық бірге біз...
Арда туған майдандастарым,
Ерліктерің- қадірлі!
Құшақтарын жайған достарым,
Сағынамын бәріңді.
қатал соғыс кері келме,
Түні-салқын, күні-ыстық.
Ынтымағы берік елде,
Бұзылмасын тыныштық.
Қайырмасы:
Үмітпенен көк аспанға ,
қарайтын біз, әр күнде біз.
қатал күндер, жол ашқанда.
Сапта тұрдық бірге біз.

Сөзі Музыкасы ; Ермек Оспанов
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]