Өлең: Жұмағали Саин (Бір ақынға)

Өлең: Жұмағали Саин (Бір ақынға)

Екінші түрі

Сыртың сенің жылтырар, ішің мұздап,
Сөз айтасың әркімге сен жалғыздап,
Бітеу жара секілді тырыс - тырыс етіп,
Жұмбақ денең тұрады әр күн сыздап.
Өз бөркін қолыңа өзің алып —
Көтересің қоям деп бұлтқа апарып,
Бос бөшкедей жел үрген даурығасың,
Жын қақ қандай жүресің жалаң қағып.
Кейде тұман, сағымдай, кейде мұнар,
Секілді булы булау шақтарың бар.
Сайқалдықпен безейсің тіл - жағыңды,
Бір жансың атақ құмар нәпсі құмар...
Не бердің?! Қандай пайда көрді халық?!
Сезілмейді. Жатырсың өзің алып...
Тау дегенің жылтырақ құм төбесі,
Байқа, шырақ, Шөлейтте жүрме қалып.
* * *
Елді сүйсең, беріле жүрекпен сүй,
Бірге қуан, онымен бірге отқа күй!
Тағдырыңның қожасы жалғыз халық,
Әрқашан да ойыңа сен мықтап түй!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Бір ақынға өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Бір ақынға

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]