Өлең: Жұмағали Саин (Жаңбырлы күні)

Өлең: Жұмағали Саин (Жаңбырлы күні)

Күркіреп күн, көктеп жаңбыр құйылды,
Жарқыл қақты нажағайын үйірді...
Лезден - ақ даланы сел қаптады,

Су кернеді сай-саланы, қиырды.
Үнсіз тұрған жыралар да тіл қатты,
Жаңбыр селі жан бітірді — жырлатты...

Жартастардан бұлқына су атылды,
Дарияға шомылғандай қыр жатты...
Тына қалды, жауын кенет басылды,

Жадырап бұлт көктің жүзі ашылды.
Бір шағырмақ ыстық төнді аялап,
Күн нұрына бөленбеді қай алап?..

Колхозшылар далаға көз тастады,
Дабыр қағып ешбірі сыр ашпады.
Қырдан аққан суды көрді, шаттанды,
Күлім қақты егін жайға аттанды...
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жұмағали саин сайын Жаңбырлы күні өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Жаңбырлы күні

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]