Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Мұғалім)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Мұғалім)

«Әбжәт, аууаз, кәләман...»
Халық ішіне тараған,
Ел адасқан кезі еді.
Қанша жесе дәні жоқ,
Қасиетсіз мәні жоқ,
Нақ ботқаның өзі еді.
Бас қатып, жаттап құранын
Жұлып молда құлағын
Баланың миы су болды.
Елді «әбжәт» өсірмед,
Өсуге қайта кесір боп,
Өлтіретін у болды.
Қараңғы кедей көңліне,
Қараңғы түкпір көріне,
Білте шамдар жағылды,
Өлім күткен осалды,
Өлуге қалған нашарды,
Демеушілер табылды.
Ол демеуші мұғалім,
Молда, байлар десті «жын»,
«Шоқынды» деген ат тақты.
Сөгіс, таяқ жесе де,
«Ит, шошқасын» десе де,
Қараңғыда шам жақты.
«А», «Б» деді,
«Т» деді,
Хат тануын тіледі,
Үйретуден талмады.
Асықпай көпті береді,
Жалықпай көпті егеді,
Онсыз ел сауат ашпайды.
Басқанда елді қара түн,
Сәуле шашты мұғалім,
Аузынан нұр құйылды.
Ел көкірегін ашуға,
Бас қосып ақылдасуға,
Өңшен, ұстаз жиылды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мұғалім туралы өлеңдер, мұғалім туралы өлең ұстаз шумақтары, мұғалім ұстаз туралы өлең жолдары, сәбит мұқанов өлең Мұғалім олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]