Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Жазғы таң)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Жазғы таң)

Қараңғылық серпіліп,
Бозамық боп атар таң,
Бірен-саран адақтап,
Калады жымың жұлдыздан.
Түрлене түнге қош айтып,
Күлімдеп толқып тұр Шолпан.
Жерге түскен бу мен шық,
Көтеріліп кекке ұшқан...
Бозарған енді сарғайды,
Айырғысыз боп алтыннан.
Көлде құстар оянып,
Косылысып салды ән.
Бозторғай шырлап аспанда,
Тауықтар да шақырған.
Өріске кетіп барады,
Сиыр, қойлар неше сан.
Шыққа тойған шөптердің,
Кұлпыруы орасан.
Күндіз алыс әрнәрсе,
Көз алдыңда санасаң,
Дүниенің жұмағы,
Таңертең тұрып қарасаң.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
жаз туралы өлең, Жаз, сәбит мұқанов өлең Жазғы таң олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]