Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Алтын қазушыларға)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Алтын қазушыларға)

Емес пе алтын тамаша,
Көруге және ұстауға?
Мысалы, мысқа баласа,
Қадағы тең мысқалға.
Сондай алтын тастарға
Тығылады ұрланып,
«Ұрының» бетін ашпауға,
Тұрады тас та сұрланып.
Мекендейді ол сұр тас,
Жеті қабат жер астын.
Соны да, адам, етіп паш,
Сүңгіп барып сен аштың!..
Ұндай қылып үгіттің
Сұр тасты сыртқа суырып,
Өз түсіне түлеттің,
Алынды алтын жуылып.
Сонша еңбекпен алғаның,
Тонна тастан бір мысқал.
Біліп баға - салмағын,
Қымбатты көріп ел ұстар!..
Елмен бірге өзің де
Ол алтынға иесін.
Бейнетінен безінбе,
Тағы да тап жүйесін!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
алтын туралы өлең, алтын туралы олен, сәбит мұқанов өлең Алтын қазушыларға олен сабит муканов стихи на казахском, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі, сәбит мұқановтың өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңдер жинағы, сабит муканов стихи на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]