Қазақша өлең: Аслан Қаженов

Қазақша өлең: Аслан Қаженов

Мұңайма мама,қайғырма мама,
Салды ма сонша уайымға бала?
Ұмтылу деген Астана жаққа
Ұмыту емес жайында дала.

Өксіме мама,өкінбе мама,
Ол енді жігіт, жетілген жаңа.
Өз өткендерін қалдырып кетті,
Өз арманына жетуге бола.

Арыма мама,налыма мама,
(Ең болмаса,деп, сағынады ма?)
Ол біліп сонша оқимын деумен,
Кім білген сонша қағынарына?

Құлама мама,жылама мама,
Жалғызың биыл оралмағанға.
Бақыт дегенің қасыңда,сірә
Табылмай қойды мына қалада.

Егілме мама, езілме мама,
Бойыңды билет төзімге ғана.
Шаңырағына келеді түбі
Шаңырағынан безінген бала
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Аслан Қаженов өлең олен Аслан каженов стихи на казахском, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]